AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ағылшын тілін аптасына бес рет оқыту керек

Ағылшын тілін аптасына бес рет оқыту керек

Білім және ғылым 23.04.2025, 14:28 700
Ағылшын тілін аптасына бес рет оқыту керек
Алматы әкімдігі

Аймағамбетов ағылшын тілін мектепте аптасына үш емес, бес рет оқытуды ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәжіліс депутаты, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында қазіргі талаптарды қайта қарап, әділетті жол ұсынуды сұрады.

Қолданыстағы ереже бойынша, талапкерлер ағылшын тілінен міндетті емтихан тапсыруы тиіс. Бұл талап оқыту тілі қазақ немесе орыс тілінде жүретін мамандықтарға да бірдей қолданылады. Мәселе — тілді білмегені үшін қабілетті жастардың ғылымнан тыс қалуында.

«Қазақ әдебиеті мен өнерін зерттегісі келетін жастар ағылшын емтиханынан өте алмағаны үшін магистратура мен докторантураға түсе алмай жүр», – дейді депутат.

Аймағамбетов бұл талапты кезінде министр ретінде өзі бекіткенін мойындайды. Бірақ уақыт өзгерді. Оның айтуынша, ChatGPT мен Gemini секілді жасанды интеллект құралдары ағылшын тіліндегі ақпаратты аударуда елеулі рөл атқара бастады. Сондықтан ғылымға қолжетімділікті ағылшын емтиханымен шектеу – бүгінгі күннің талабына сай келмейді.

Аймағамбетовтің ұсыныстары тек сын емес, нақты реформалық қадамдарды да қамтиды: мектептерде ағылшын тілін оқытуды күшейту, оқу барысында ағылшын тілін тереңдетіп енгізу, талаптарды салалық саралауға көшу болып отыр.

Біріншіден, ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажет. Кезінде президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен 10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан  5 сабаққа дейін көбейтуді қолға алғанбыз. Бірақ бұл бастама толық іске аспады. Осы бағытты нақты іске асыруымыз керек. Екіншіден, оқыту тілі қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бағыттарда ағылшын тілінен емтиханды түсу кезінде емес, оқу аяқталған соң тапсыруды қарастырған жөн. Ал сол кезеңге дейін ағылшын тілін бакаларвриат, магистратура мен докторантураның оқу бағдарламасына кіргізіп, тереңдетіп оқытқан дұрыс. Сонда нақты нәтиже болады. Үшіншіден, ағылшын тілінде оқытатын немесе қосдипломды бағдарламалар, мен филиалдар үшін бұл талапты керісінше күшейткен жөн. Яғни әр бағытқа қарай саралау қажет. Төртіншіден, Scopus пен Web of Science базаларында мақала жариялау талабын да мамандықтың ерекшелігіне қарай қарастырған жөн, – дейді ол.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағылшын #мектеп #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика