AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аграрлық несие корпорациясы дихандарды қаржыландыр...

Аграрлық несие корпорациясы дихандарды қаржыландыруға 140 млрд теңге бөледі

Әлеумет 11.04.2022, 14:55 1,221
Аграрлық несие корпорациясы дихандарды қаржыландыруға 140 млрд теңге бөледі
russian.rt.com

Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бұған дейін жоспарланған 70 миллиард теңгеге қосымша тағы 70 миллиард теңге бөлінеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, қазіргі төтенше тұрақсыз халықаралық жағдайда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор.



Егіс науқанының сапасы бірінші орында тұр, ондағы негізгі мәселе - егіншілерді несиелік қаражатпен қамтамасыз ету. Жыл сайын Корпорация қысқа мерзімді бюджеттік несие тарту арқылы шаруаларды көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 70 млрд теңге көлемінде қаржыландырады.



Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 90,7 млрд теңгеге 3 111 өтінім түсті, оның ішінде 64,1 млрд теңгеге 2 мыңнан астам қарыз алушы қаржыландырылды. 15 сәуірге дейін қаржыландырудың қалған сомасына 500-ден астам шаруа қожалығын несиелендіру жоспарлануда.


Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен түскен өтінімдер көлемін, ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, шаруалардың егіс науқанына жұмсайтын шығындарының өсуін ескере отырып, Аграрлық несие корпорациясы 70 млрд теңге көлемінде қосымша бюджет қаражатын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолға алынды, қаражатты қабылдаудың болжалды мерзімі – ағымдағы жылдың мамыры.



Егістіктерді уақтылы жүргізудің кезек күттірмейтін қажеттілігін ескере отырып, Корпорация бюджеттік несие қаражатын алғанға дейін шаруаларды жеке және тартылған қаражат есебінен несиелендіруді бастады, кейін бұл қаражат бюджеттік несие қаражатымен алмастырылады.



Несиелеу барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан 17 филиал арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Егістік #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);