Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ағаш кессең де айыппұл арқалайсың

Ағаш кессең де айыппұл арқалайсың

Заң мен тəртіп 27.06.2025, 12:02 1,457
Ағаш кессең де айыппұл арқалайсың
интернеттен

Қазақстанда 5 шілдеден бастап жаңа айыппұл күшіне енеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025 жылғы 17 маусымда "Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы" Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы шықты.

Бұл құжат ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен қазақстандықтардың жауапкершілігін белгілейді. Бұйрықтың кей пункттері ағаш пен бұтаның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлеріне ғана емес, сонымен қатар қарапайым аулада өсетін өсімдіктер дүниесіне де қатысты.

Мысалы, келесідей ағаш пен бұта түрлері бұйрықпен қорғалған, оларды кесу немесе зақымдағандар ірі мөлшерде айыппұл арқалайды:

Қарағай, шыршаның барлық түрі, балқарағай – ағаштың жасына байланысты 15-тен 45 АЕК-ке дейін (2025 жылға 58 980 теңгеден 176 940 теңгеге дейін) айыппұл салынуы мүмкін;
Самырсын – айыппұл 17-ден 47 АЕК-ке дейін (66 844 теңгеден 184 804 теңгеге дейін) болады;
Ағаш тектес арша – 14-тен 44 АЕК-ке дейін (55 048 теңгеден 173 008 теңгеге дейін);
Үйеңкі, шегіршін, жөке, көктерек, ағаш тектес тал, терек – 10-нан 40-қа дейін анықталмаған АЕК (бұл 39 320 теңгеден 157 280 теңгеге дейін);
Қайың, арша, ергежейлі қарағай – айыппұл 12-ден 42 АЕК-ке дейін (47 184 теңгеден 165 144 теңгеге дейін);
Грек жаңғағы ағашы, шекілдеуік жаңғақ ағашы – 50-ден 80 АЕК-ке дейін (196 600 теңгеден 314 560 теңгеге дейін);
Өрік, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, жабайы алма – 10-нан 40 АЕК-ке дейін (39 320 теңгеден 157 280 теңгеге дейін);
Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, басқа да ағаш түрлері мен бұталарды кесу және зақымдағаны үшін 9-дан 39 АЕК-ке дейін айыппұл (35 388 теңгеден 153 348 теңгеге дейін) төлеуге тура келеді.

Жаңа бұйрық 2025 жылдың 5 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сондықтан өсімдіктердің кез келген түрін кесу немесе жою алдында өз әрекеттеріңіздің заңды екеніне көз жеткізіп, тиісті қалалық қызметтерге хабарласыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағаш #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика