Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Африкалықтар да көші-қон заңнамасын бұзған

Африкалықтар да көші-қон заңнамасын бұзған

Заң мен тəртіп 28.06.2023, 04:13 1,068
Африкалықтар да көші-қон заңнамасын бұзған
Сурет: ашық дереккөз

 Алматыда Африка құрлығының 60-тан астам азаматы Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Африканың 64 азаматы ұсталды, оның 55-і Нигерия, 5-і Камерун, екеуі Оңтүстік Африка және екеуі Кот-д’Ивуар және Сьерра-Леоне елінің азаматы.



«Сот шешімімен олардың 12-сі Қазақстанның аумағынан шығарылды. Тәжірибе көрсеткендей, Африка елдерінің азаматтарының көпшілігі Қазақстанға туристік, жұмыс немесе оқу визаларымен келеді. Алайда олардың біразы уақытында елдеріне кетпей, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Оның сөзінше, Алматыда өткен республикалық «Нелегал» іс-шарасы күндерінде шетелдіктерді шақырушы тарап қызметін атқарып, қонақтардың елдеріне уақытында кетуін қамтамасыз етпеген 5 фирма анықталған, деп жазды ҚазАқпарат. Бұл заңды тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тағы бір жеке кәсіпкер осындай заң бұзушылықтың қайталануына байланысты шетел азаматтарын шақыру лицензиясынан айырылған. Сонымен қатар іс-шара күндерінде шетелдік жұмыс күшін қайта тартудың екі дерегі анықталып, жолы кесілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Африка #азаматы #заң #бұзу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика