AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Африкада алғаш рет қазақ киносы көрсетілді

Африкада алғаш рет қазақ киносы көрсетілді

Не? Қайда? Қашан? 03.02.2023, 05:25 3,267
Африкада алғаш рет қазақ киносы көрсетілді
Сурет: Inform.kz

Камерун астанасы Яундеде YARHA Festival халықаралық кинофестивалі өтті. Іс-шара аясында қазақ киносының арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды.


Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының көмегімен түсірілген «Нартай» фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді.



«Мен сіздің елде түсірілген көркем фильмді алғаш рет көріп отырмын, бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалаған едім. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Бұл фильмдерді көргенде, кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаға тап боламыз және мені баураған дәл сол сезім», - дейді шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.



Африкалық көрермен қазақ киносының деңгейін жоғары бағалады, ал индустрия мамандары серіктестік орнатуды ұсынды.



«YARHA фестивалімен серіктестік келесі жылы да жалғасады деп үміттенемін, бұл Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенімдімін. Мәдени дипломатия жалғасуы керек. Біз қазақстандық картиналардың Марокко, Тунис, Сенегал және Конго елдерінде көрсетілгенін қалаймыз», - деп атап өтті Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.



Камерундағы отандық фильмдердің көрсетілімін Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығы ұйымдастырды.


Бұл - Африкадағы алғашқы осындай ауқымды шара.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ киносы #Африка #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Бүгін 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Бүгін 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Бүгін 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);