АЭС референдумы – шынайы демократияның көрінісі

АЭС референдумы – шынайы демократияның көрінісі Суретті түсірген - Қайрат Қоныспаев

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматы білім басқармасы мен педагогтар қауымымен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысының жолдауында айтылған білім беру және мамандар даярлау мәселелерімен қатар, атом электр станциясын салу бойынша референдумға ерекше назар аударылды.

Мәлік Отарбаев алдағы референдумның – елдің демократиялық даму жолындағы маңызды қадам екенін баса айтты. Ол әрбір азаматтың дауысы үлкен мәнге ие болып, ортақ нәтижеге тікелей әсер ететінін атап өтті. Бұл референдум – шынайы демократияның айқын көрінісі екенін атап өтті.

– Атом электр станциялары әлемнің көптеген елдерінде бар, және олардың көпшілігінде бұл мәселеге қатысты референдумдар өткізілмеген. Бұл атом энергиясын пайдалану қатаң стандарттар мен қауіпсіздік шараларымен реттелетін тәжірибе екенін көрсетеді. Қазақстан да осы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Алайда, меніңше, осындай маңызды мәселелер бойынша референдум өткізу – қажеттілік. Халықтың пікірін білу және оны ескеру – демократиялық мемлекет үшін өте маңызды, – деді Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев.

Сонымен қатар, ол атом энергиясын пайдалану мәселесінде қауіпсіздік шараларының аса маңызды екенін еске салды. Қазіргі заманауи технологиялар бұл салада үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін, ал халықаралық тәжірибе қатаң стандарттар негізінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Кездесуде Мәлік Отарбаев атом электр станциясын салудың ел экономикасына, ғылым мен білімге берер мүмкіндіктерін де тілге тиек етті. АЭС құрылысы тек энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, ғылыми-зерттеу салаларының дамуына серпін беретініне тоқталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:30

20:16

19:42

19:15

18:40

17:45

17:30

17:15

16:50

16:31

15:54

15:45

15:37

15:33

15:08

14:25

14:15

14:01

13:03

12:25

12:19

12:10

12:09

11:27

11:26