AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АЭС құрылысы: қауіпсіздік талаптарының сақталуы ба...

АЭС құрылысы: қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Әлеумет Бүгін 10:22 34
АЭС құрылысы: қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Бұл туралы ҚР Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұяқбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға, ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтауға және жобаны іске асыру барысында қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бақылаудың мәні тиісті кезеңде орындалатын жұмыстар мен қабылданатын шешімдердің сипатына қарай өзгеріп отырады.

Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңында (бұдан әрі - Заң) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымдығы, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылаудың міндеттілігі мен үздіксіздігі бекітілген.

Радиациялық қауіптіліктің бірінші санатындағы қондырғылар үшін Заңда тікелей объектіде тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі көзделген. Ол уәкілетті лауазымды адамдардың қондырғыда болуын және оның өмірлік циклі бойында ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік жай-күйін бақылауды көздейді.

Заңнамада бекітілген мұндай тәсіл халықаралық практикаға сәйкес келеді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қауіпсіздік талаптары ядролық қондырғының өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде қауіпсіздік мәселелерін қарау мен бағалауды, сондай-ақ инспекциялар жүргізуді көздейді.

Алаңды таңдау кезеңінде АЭС-ті қауіпсіз орналастыруға және одан әрі пайдалануға әсер етуі мүмкін жағдайларға назар аударылады. Табиғи және техногендік әсерлер, сондай-ақ аумақтың геологиялық, сейсмикалық, гидрологиялық және метеорологиялық сипаттамалары бағаланады. Алаңды таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына жатады.Жобалау кезеңінде болашақ станцияның қауіпсіздігін айқындайтын техникалық шешімдер бағаланады. Олардың қатарында қауіпсіздік үшін маңызды жүйелер мен элементтер, бақылау және қорғау құралдары, сондай-ақ авариялардың алдын алу және олардың салдарын шектеу жөніндегі шаралар бар. Мұндай бағалау қабылданатын шешімдердің оларды іс жүзінде іске асыру басталғанға дейін белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді, – деді Қанат Тұяқбаев.

Құрылыс барысында бақылау жобада көзделген шешімдердің іске асырылуына және белгіленген талаптардың сақталуына шоғырланады. Станцияны қауіпсіз пайдалануға маңызы бар жүйелер мен жабдықтарды монтаждауға, сондай-ақ көзделген тексерулер мен сынақтарды жүргізуге ерекше назар аударылады.

Құрылыс барысында жобаға енгізілетін өзгерістерді бақылаудың да маңызы зор. Қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын өзгерістер олардың бұрын қабылданған жобалық шешімдер мен объектінің сипаттамаларына ықтимал әсерін ескере отырып қаралады. Мұндай тәсіл енгізілетін түзетулердің ықтимал салдарын олар іске асырылғанға дейін ескеруге мүмкіндік береді.АЭС-ті пайдалануға беруге дайындау кезеңінде станцияның қауіпсіз жұмысқа дайындығын растауға басты назар аударылады. Жабдықтар мен жүйелердің техникалық дайындығы, қажетті құжаттаманың және персоналдың әзірлігі бағаланады. Физикалық және энергетикалық іске қосу белгіленген талаптар орындалып, көзделген тексерулер жүргізілгеннен кейін дәйекті түрде жүзеге асырылады, – деді Қанат Тұяқбаев.

Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалау АЭС құрылысының барлық негізгі кезеңдерін қамтиды және жобаны қауіпсіз іске асыру негізіне алынған талаптардың дәйекті сақталуын қамтамасыз етеді. Оның үздіксіздігі туындайтын мәселелерді уақтылы ескеруге және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік бере отырып, станцияны кейіннен қауіпсіз пайдалануға беру және одан әрі пайдалану үшін тиісті жағдайлар қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Бүгін 10:43

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38

Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық автомобиль өндірілді

Бүгін 10:35

Халықаралық институттар Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін болжап отыр

Бүгін 10:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);