AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Әділетті Қазақстанға тартқан жол

Әділетті Қазақстанға тартқан жол

Жолдау 2023 16.09.2022, 05:01 1,047 Хангелді ӘБЖАНОВ, тарих ғылымының докторы, профессор
Әділетті Қазақстанға тартқан жол
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Хангелді ӘБЖАНОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:


ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен оқып шықтым. Өте салмақты да маңызды құжат. Тап бүгінгідей күрделі ахуалда не істеу керек деген сұраққа жауап беруге тырысқан. Мәселенің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, тағы басқа қырларын интеллектуалды ізденіспен, эмоциялық толғаныспен талдапты. Мұнда миллиондаған отандастың жақсы өмірге ұмтылысының тәжірибесі, ұрпағының болашағына алаңдап, Қаңтар қасіретіне ұрындырған әділетсіздікке наразылығы көрініс тапқан. Президент өз ұсыныстары мен шешімдерін 5 бағытқа бөлген. Бәрі толғағы жеткен қажеттіліктер. Тапсырмалардың атқарылу мерзімдері де назарынан тыс қалмаған. Мәселен, құрылыс саласындағы біршама ережелер мен нормалар кеңестік жылдардан бері сақталып келе жатыр. Ондай мұралар білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларында бар. Демек, Жаңа Қазақстанды құру үшін алдымен өзіміз өзгеруіміз керек. Қиынның қиыны осы болар, сірә!


Шығыны көп, пайдасы жоқ жобаларды күн тәртібіне қоюмен қалтасын толтырғандар, көзбояушылықты шебер игерген пысықайлар аз еместігі рас. 2019 жылы ең жоғары билікке келгеннен бері Президентіміз Қ.Тоқаев халыққа 5-жолдауын жариялап отыр. Ғылым мәселесі талданбай қалуда. Ал ғылымсыз қоғамның ілгерілеуі мүмкін емес. Бұл сан мәрте дәлелденген ақиқат. Барша саналы өмірім ғылымда өткендіктен, мәселен, мен Мемлекет басшысынан Қазақстан ғылымына қатысты тың ойлар мен бастамаларды күтемін. Әділетті Жаңа Қазақстанға ғылыммен жол тартса, шынымен әлемдік биіктікке көтеріле аламыз.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #қолдау #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);