AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнесті...

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Әлеумет Бүгін 16:20 97
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиынға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, компаниялардың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру – негізгі міндеттердің бірі. Бұл мәселені бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Президенттің айтуынша, әрбір кәсіпкер қолдау шаралары туралы толық біліп, оларды қалай алуға болатынын түсінуі керек. Сонда шағын бизнестің орта бизнес санатына өтуге ынтасы артады.

«Әділет» партиясының бағдарламасында орта бизнестің үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру және бес жыл ішінде 1 миллион жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бұл үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын көбейту және қазақстандық компаниялардың өнімін шетел нарықтарына шығару қажет.

Отырысты ашқан «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша айырмашылық бар екенін атап өтті. Қазір елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын 2 миллионға жуық кәсіпкерлік нысан бар. Алайда орта бизнеске жататын заңды тұлғалардың үлесі шамамен 0,2% ғана. Оның айтуынша, Іскерлік кеңес бұған дейін түрлі саланың өкілдерімен бірнеше кездесу өткізген. Кәсіпкерлерден түскен ұсыныстардың бір бөлігі партия бағдарламасының экономикалық бағытына енгізілді.

«Әрбір шара нақты деректерге сүйеніп, кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен шектеулерін ескеруі тиіс. Нәтижесі де нақты көрсеткіштермен бағалануы керек. Инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту, отандық өндірісті дамыту және экспортты ұлғайту маңызды», - деді Айбек Дәдебай.

Партия төрағасы Іскерлік кеңестің жұмысына қатысты жаңа тәсілді де тілге тиек етті. Оның сөзінше, мәселелер нақты деректерге сүйеніп талқыланып, ұсынылатын шешімдердің экономикалық тиімділігі есеппен негізделуі керек.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы шағын бизнестен орта бизнес санатына 429 кәсіпорын өткен. Бюроның Ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары Наурыз Байзақовтың айтуынша, өсіп келе жатқан компаниялармен жүйелі жұмыс жүргізу үшін «Өсу картасы» әзірленген. Платформа статистикалық және әкімшілік деректерді біріктіріп, орта бизнес санатына ресми түрде өтпей тұрып-ақ өсу әлеуеті бар кәсіпорындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмірин компанияның көлемін анықтағанда, оның басқа компаниялармен байланысын ескеріп, ең алдымен табыс мөлшеріне сүйенуді ұсынды. Сондай-ақ ол «Өссең – қолдаймыз» қағидатын енгізіп, шағын бизнестен орта бизнеске өтетін кәсіпорындарға арнайы қолдау шараларын қарастыру бастамасын көтерді.

Отырысқа қатысушылар кәсіпкерлердің компанияларын әдейі өсірмей ұстауына себеп болатын мәселелерді де талқылады. Қазақстан салық кеңесшілері қауымдастығының мүшесі Айжан Балакешева басқа санатқа өткен кезде айыппұлдардың көбейіп, қосымша салықтық тексерулер қаупі артатынын жеткізді. Оның пікірінше, бұл жағдай кәсіпкерлердің бизнесті кеңейтуге деген ынтасын төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ ол жеңілдетілген салық режимі қолданылатын кезде заңды тұлғалар арасындағы операциялар бойынша шығындарды шегеруге қойылған тыйымдарды қайта қарауды ұсынды.

Қазақстан инвесторлар одағының басқарма төрағасы Рүстам Жүрсінов салықтан жалтару үшін бір бизнесті бірнеше компанияға бөліп тіркеуді шектеу мақсатында бір-бірімен байланысты компанияларды біртұтас бизнес ретінде қарастыруды ұсынды.  Сонымен қатар, ол кәсіпорындарды шағын бизнестен орта бизнеске өткізу ғана емес, олардың әрі қарай дамуына жағдай жасау маңызды екенін айтады. Бұл үшін бизнес көлемін анықтау кезінде әр саланың ерекшелігін ескеріп, орта бизнес санатына өткен компанияларға жаңа талаптарға бейімделуге уақыт беру қажет.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Қанат Ибраев бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы шараларды үйлестіріп, бір жүйеге келтіруді ұсынды. Кәсіпорындар өз өнімдеріне деген сұранысты алдын ала білуі үшін алдағы 3-5 жылға арналған өнеркәсіптік сұраныс картасын әзірлеу бастамасын көтерді. Сондай-ақ шикізатты шетелге сатудан гөрі, оны ел ішінде өңдеу тиімді болатындай жағдай жасау қажеттігін айтты.

Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец ұзақ мерзімді келісімшарттар болған жағдайда инвесторлардың қаржы салуға дайын екенін жеткізді.

«Егер ұзақ мерзімді келісімшарттар мен нақты даму перспективасы болса, біз мұнда зауыттарды нөлден бастап салуға дайынбыз», - деді ол.

Сонымен бірге жерді пайдалану мақсатын өзгерту тәртібін жеңілдетіп, артық бюрократиялық кедергілерді жоюды ұсынды.

Бизнестің өндірістік кооперацияны дамыту жөніндегі бастамаларын қолдаған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық өндірушілерді кеңінен тарту үшін өнеркәсіптік кластер ұғымы енгізілгенін айтты. Министр ірі өндіріс орындарының айналасында қажетті инфрақұрылым құрудың маңызына тоқталды.

«Ірі инвестициялық жобаның тиімділігі инвестиция көлемі мен ашылған жұмыс орындарының санымен ғана өлшенбейді. Жоба аясында жаңа отандық жеткізушілер тартылып, шағын және орта бизнестің дамуына да мүмкіндік берілуі керек», - деді министр.

Кәсіпкерлердің ұсыныстарын одан әрі пысықтау үшін «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі тұрақты жұмыс істейтін форматқа көшеді. Кеңес бизнестің мәселелерін жинақтап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын әзірлейді. Кейін бұл ұсыныстар заңнамалық бастамаларға, депутаттық сауалдарға немесе Үкіметке жолданатын ұсыныстарға айналуы мүмкін.

Іскерлік кеңестің жұмысына тең төрағалар жетекшілік етеді. Олардың қатарына «Alageum Electric» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов кірді.

Экономиканың негізгі секторлары бойынша 13 салалық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамы салалық қауымдастықтардың ұсыныстары, қатысушылардың кәсіби тәжірибесі мен тиісті салалардағы практикалық жұмысы ескеріле отырып жасақталған.

Өңірлерде бұл жұмысты партия филиалдары жанындағы Іскерлік кеңестер жалғастырады. Олар кәсіпкерлердің жергілікті жердегі мәселелерін жинақтап, пысықтайды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге әкімшілік қысым көрсету мәселелерін қарау үшін Бизнесті қорғау кеңесі құрылды.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, бірнеше мемлекеттік органның қатысуын қажет ететін мәселелерді шешу үшін Үкімет жанынан Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе құрылады.

«Жобалық кеңсе кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін вице-премьер деңгейінде жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда өнеркәсіп саласына жауапты вице-премьер де қатысады. Салалық кеңестерде көтерілген барлық мәселе осы деңгейде қаралып, шешімін табады», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Жиын соңында Айбек Дәдебай қатысушыларға нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды есеп-қисаппен негіздеуді тапсырды.

«Мәселені шешу жолын ұсынбай, оны жай ғана көтеріп, соза берудің қажеті жоқ. Бизнес тарапынан нақты шешімдер мен есептер қажет», - деп түйіндеді партия төрағасы.

Мақұлданған ұсыныстардың барлығы оларды іске асырудың нақты қадамдары мен орындалуын бақылау тәртібі белгіленген ортақ жол картасына енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#іс-шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 16:38

Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті

Бүгін 15:59

Тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды

Бүгін 15:28

Медиамәтіннің мәнін ашқан еңбек

Бүгін 15:08

ҚазҰУ-да студенттерді қабылдау рәсімін жасанды интеллект жүргізді

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);