AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Әділет министрлігі: жаңа Азаматтық кодекс Қазақста...

Әділет министрлігі: жаңа Азаматтық кодекс Қазақстандағы болашақ экономиканың құқықтық негізіне айналады

Жолдау Бүгін 13:45 51
Әділет министрлігі: жаңа Азаматтық кодекс Қазақстандағы болашақ экономиканың құқықтық негізіне айналады
Primeminister.kz

Жаңартылған Кодекс қабылдауға жеңіл әрі шамадан тыс жүктемелерсіз болуы тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде  азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін болашақ экономиканың құқықтық негізі ретінде жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

Бұл жұмыстың маңызы адам құқықтары мен мүдделеріне, меншіктің тең дәрежеде қорғалуына және азаматтардың, оның ішінде цифрлық ортадағы құқықтық кепілдіктеріне негізделген жаңа Конституцияны жүзеге асыру жағдайында ерекше арта түседі.

«Осыған байланысты біз жаңа Кодексті әзірлеудің келесі басты бағыттарын талқылауды ұсынамыз. Бірінші. Болашақ экономикасын құқықтық қамтамасыз ету. Жеке құқықтың өз тиімділігін дәлелдеген институттарын сақтау, сонымен бірге жаңа экономикалық қатынастарға қатысушылар үшін олардың құқықтарын қорғауды және тәуекелдерді бөлуді қамтамасыз ете отырып,  түсінікті әрі мазмұнды ережелерді жетілдіру ұсынылады. Екінші. Меншік құқығын қорғауды және шарттық қатынастардың тұрақтылығын нығайту. Жаңа Конституция меншік нысандарының барлық түрлерін тең қорғауға кепілдік береді. Осы қағиданы дамыту мақсатында меншік иелерінің кепілдіктерін күшейту, адал сатып алушылардың құқықтарын қорғау және шарттық міндеттемелерді орындаудың сенімділігін  нығайту ұсынылады. Үшінші. Шарт еркіндігі және жария-құқықтық тетіктерді азайту», — деді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Оның сөзінше жеке қатынастарды реттейтін заңнамада айналым қатысушыларының мүмкіндігін шектейтін, шарттық қатынастардың мазмұнын дербес айқындайтын императивтік нормалардың біршама саны бар.  Сондықтан жаңартылған Кодекс қабылдауға жеңіл әрі шамадан тыс жүктемелерсіз болуы тиіс. Жаңа Кодексті әзірлеу қолданыстағы заңнаманы, сот практикасын және жаңа конституциялық ережелерді кешенді талдауға негізделуі тиіс.

«Бұл жұмысты депутаттық корпуспен, ғылыми қоғамдастықпен, тәжірибелі заңгерлермен, бизнес өкілдерімен және сарапшылармен бірлесіп жүргізуді ұсынамыз. Сонымен қатар мемлекеттік органдар Әділет министрлігімен бірлесіп, Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды талдап, тиісті заң жобаларын 2027 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізуі тиіс», — деді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Жаңа Кодекс азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ететін және экономиканы одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыратын жаңа Конституцияның ережелерін жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі болуы қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:31

Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

Бүгін 14:30

Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

Бүгін 14:05

Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы: Олжас Бектенов пен Адылбек Касымалиев тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);