Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әділет капитаны параға донер алып, шенінен айырылд...

Әділет капитаны параға донер алып, шенінен айырылды

Заң мен тəртіп 15.01.2024, 10:30 1,383
Әділет капитаны параға донер алып, шенінен айырылды
Сурет: Rokoko.by

Параға донер алып, басы дауға ілікті. 


Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оған Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігі («Құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара алу») бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qaz365.kz-ке  сілтеме жасап.

К. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Еңбекші аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымын атқарып жүріп, яғни құқық қорғау органының қызметкері бола тұра 12 қазан 2023 жылы сағат 20:00 дер шамасында және 22 қазан 2023 жылы 19 сағат 30 минут шамасында өзінің бақылауындағы сотталған – жаза өтеуші Н.-ның пайдасына жасаған іс-әрекеті, яғни қадағалау және бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін 12 668 теңге тұратын тағамдарды (фастфуд) пара ретінде алдырған.



«Сотталушының көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кінәсі іс бойынша жинақталған және қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралғандықтан зерттелмеген іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен және басқа іс материалдарымен толық өз дәлелін тапқан», - деп хабарлады Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.



Прокурор К.-ға ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігімен, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және оны мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыру қосымша жазасын тағайындауды сұрады.


Сотталушы мен оның қорғаушы адвокаты сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.


Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасаған қылмысын толығымен мойындап өкініш білдіргенін, алдын сотты болмағанын, асырауында жас баласы бар және қазіргі таңда екінші балаға жүкті екенін, ал өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағанын қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.



«Сот, К-ны Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзузушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған параның 25 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 316 700 теңге айыппұл жазасын тағайындады және ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сай, К. «әділет капитанты» деген арнаулы шенінен айырды», - делінген сот үкімінде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әділет капитаны #пара #донер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика