Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әдебиет – әлемге ортақ құндылық

Әдебиет – әлемге ортақ құндылық

Мәдени Алматы 03.12.2024, 14:39 792
Әдебиет – әлемге ортақ құндылық
Сурет: Самат Құсайынов

«ЮНЕСКО» жанындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, «ТҮРКСОЙ» Жазушылар одағының қолдауымен «ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТТЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ» атты VI Халықаралық конференция өтті.

 Шараның басты мақсаты – ұлттық әдебиеттердің диалог арқылы даму факторлары мен әлемдік мәдениеттердің жақындасуын және осы үдерістердің ХХІ ғасырдағы кітап оқитын ұлттың жаңғыруына ықпалын зерттеу.

 Халықаралық конференцияға идея авторы, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменов арнайы қатысып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, тарихымыздағы түрлі кезеңдер турасында сөз сөйледі.

 Шараның пленарлық отырысын - М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Светлана Викторовна АНАНЬЕВА, «Оқитын ұлттың жаңғыру факторлары» атты секция мәжілісін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ, «Әдебиеттің қоғамдағы орны мен болашағы» атты бөлімін «ТҮРКСОЙ» Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ жүргізді.

 Конференцияда ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігінің, Түркі академиясының, Ресей Жазушылар және Баспагерлер одақтарының қауымдастығының, Ресей кинематографистер одағының, Беларусь Ұлттық кітапханасы, Өзбекстан Ұлттық кітапханасының құттықтау хаттары оқылды. Сонымен қатар Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннен келген арнайы хат табысталды.

 III бөлімнің тұрған алқалы жиынға Түркия, Ресей, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мемлекет және қоғам қайраткерлері, жазушылары мен ғалымдары арнайы келіп, төмендегі тақырыптар аясында баяндама жасады:

- Тарихты терең түсінудегі тарихи және көркем әдеби шығармалардың алатын орны;

- Ғылым, білім және оқу мәдениеті: болашақ ұрпақ мәселесі;

- Мәдениеттер арасындағы байланыс: оқырман ұлттың қайта жаңғыруы және т.б. өзекті мәселелер қозғалды.

 Конференция барысында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, Әзербайжанның Халық жазушысы, Мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы Эльмира Ахундова, «ТҮРКСОЙ» Жазушылар Одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулет «Олжас Сүлейменов атындағы «Халықтар Достығы» орденімен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқуға құштар ұлт #қайта жаңғыру #халықаралық конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика