ffin.kz

Адамдар, мен сіздерді жақсы көремін!

Адамдар, мен сіздерді жақсы көремін! almaty-akshamy.kz

Рахмет


Құрбым екеуміз сауда орталығында ұйымдастырылған викториналық ойынға қатысып, жұмсақ ойыншық ұтып алдық. Қайтар жолда әкесімен келе жатқан ақыл-есі кем баланы көрдік те, ойыншығымызды соған ұстаттық. Бала бізге «рахмет» деді. Әкесінің көзі жасаурап, жылап жібере жаздады. Сөйтсек, бала бірнеше айдан бері мүлдем сөйлемеген екен.



Достық


Төрт ай бұрын дәрігерлер маған шашымның түсетінін айтқан. Шынымен де шашым түсіп, тақырланып қалды. Мектепке баруға, сыныптастарымның көзіне түсуден қорықтым. Маған бәрі саусағын шошайтып, күлетін сияқты болып көрінді. Ертеңіне есік қағылды. Ашсам, есік көзінде оншақты досым тұрды, бәрі шашын тақырлап алып тастаған. Олардың екеуі қыз бала еді...



Жүрек


Үйге таңға жуық оралдым. Кіреберістен «Құрметті көршілер! Бүгін шамамен сағат 9.20-да есік алдында 120 сомымды жоғалтып алдым. Тауып алсаңыздар, өтініш, әкеп берсеңіздер, 76-пәтер, Антонина Петровнаға. Зейнетақым 1640 сом» деген хабарландыруды көзім шалды.


Қалтамдағы бар ақшамды жинап, қолыма 120 сомды қыса ұстап, жоғарыға көтерілдім. 76-пәтерден алдына фартук байлаған әжей шықты. Мені және қолымдағы ақшаны көре салып, бас салып құшақтай алды. Көзінде қуаныштың жасы бар. «Ұн алуға шыққан едім. Подъезге таяп, кілтімді алып жатқанда түсіріп алған болуым керек ақшамды», – деп салдырлап әңгімесін айтып жатыр. Бірақ! Ақшамды алудан бас тартты. Себебі, мен осы жарты сағаттың ішінде әжейдің ақшасын «тауып алған» 6-шы адам екенмін. Адамдар, мен сіздерді жақсы көремін!



Даңқ


Институттан келе жатып, «Автозаводская» метробекетінің жанында отырған соғыс ардагерін көрдім. Алдына орден-медальдарын жайып қойыпты... Сұрапыл соғыста қан кешіп жүріп алған марапаттары. Тамақ алу үшін сатып отырғанын ұқтым. Қалтамдағы ақшамды түгел шығарып ұсындым да: «Ата, менің ақшамды алыңызшы, бірақ арыңыз бен даңқыңызды оған тұрмайтын адамдарға тиын үшін сатпаңызшы, өтінемін...» дедім тамағыма өксік кептеліп. Атай жылап қалды, ақшаны алды да, орден-медальдарын алақанына салып жатып сүйіп қойды сыртынан. «Рахмет, қызым!» - деді көз жасын жасырып. Меніңше, әлемді осындай болмашы қадамдармен де өзгертуге болады.



Ізгілік


Менің інім 13-те. Ол қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Інімді клиникада жалғыз қалдырмас үшін, әкем бір жылға ақысыз демалысқа шықты. Бірақ жұмыс орны бір жыл бойына оған жалақысын төлеп тұрды. Жаңа Зеландия полициясында ғажап адамдар еңбек етеді!


 Орысшадан аударған  Нұр ЖАМАЛ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58