Бүгін - Аналар күні!
"Алып та анадан туады" дегенді ескеріп, ұлы адамдардың аналар жайлы айтып кеткен нақыл сөздері мен халық арасында мақал-мәтелдерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Ана туралы нақыл сөздер, мақал мәтелдер
Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз. Оноре де Бальзак
Адам боп туу – анадан, Айуан боп кету – өзіңнен! Автор: Қадыр Мырза Әли
Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді. Автор: Габриэль Гарсиа Маркес
Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. Автор: Сәбит Мұқанов
Ұстаз – анаңдай ұлы. Автор: Жүсіпбек Аймауытов
Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді. Автор: Әзілхан Нұршайықов
Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді. Автор: Әзілхан Нұршайықов
Ата-ананың ақылы— қазулы қара жолмен тең. Автор: Дулат Бабатайұлы
Ана туралы
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В.Г.Белинский
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
В.Гюго
Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
О.Бальзак
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А.Тұрмағамбетов
Абай Құнанбаев
Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.
Ғабит Мүсірепов
Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
Ғабит Мүсірепов
Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.
Ғабит Мүсірепов
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
Ғабит Мүсірепов
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе – бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе – бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
Ғабит Мүсірепов
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ғабит Мүсірепов
Әйел асқақтаса – жылайды, еркек асқақтаса – құлайды.
Ғабит Мүсірепов
Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі.
Ғабит Мүсірепов
Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды – тезірек еселеп, қайыруға тырысады.
Ғабит Мүсірепов
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе – қасиет,
Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе – қасірет.
Ғабит Мүсірепов
Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.
Шоқан Уәлиханов
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.
Бұқар Қалқаманұлы
Жақсы әйел ұл туса – патшадан болмас кемдігі.
Бұқар Қалқаманұлы
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Ақ шашты ана: «жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала: «ай-күнім — анам» дейді.
Алты ұл тапқан ананы «ханым» десе болады.
Сыйласа білген адамды «жаным» десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан алтау туғанша жалғыз туса нетеді —
елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше еменге айыр бүтақ бітсе нетеді —
құсқа тұғыр болғалы.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
«Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім».
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір — сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады (Нақысбек шешен).
Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.
Баласы тәуше жесе анасының тісі қамасады.
Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.
Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас.
Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын.
Атаның құны, ананың сүті.
Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды.
Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.
Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ
Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер.
Ана болар кызыңның ақыл-есі тең келер.
Адам болатын бала алыска қарайды.
Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.
Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.
Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.
Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.
Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.
Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады.
Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың.
Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.
Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.
Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар.
Анадан алтау туғанша,
жалғыз туса не етеді — елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
еменге айыр бұтақ бітсе не етеді — құсқа тұғыр болғалы.
Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі (Абай).