Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығының алаңында Қаржы вице-министрі Е. Біржановтың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Т. Жаркеновтың, Ұлттық Банктің төлем жүйелері департаменті директорының міндетін атқарушы А. Мадиярованың, сондай-ақ екінші деңгейдегі банк өкілдерінің қатысуымен ҚР жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар туралы мәселелерді түсіндіру бойынша брифинг өткізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Брифинг барысында Е. Біржанов атап өткендей, адал кәсіпкерлерге алаңдайтын ештеңе жоқ.
Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Өз кірістерін жасыратын немесе жеке шоттарына қатарынан үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғалар ғана тексеруге жатады.
Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер бақыланбайды. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді -салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1% - дан 4% - ға дейін.
Анықтама: бөлшек салық үшін қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364 түрге кеңейтілді, жеке табыс салығының мөлшерлемесі Қарағанды және Қызылорда облыстарында 2% - ға, Астана қаласы үшін 3% - ға дейін төмендетілді. Осылайша, бөлшек саудагерлер, қызмет көрсететін кәсіпкерлер, мысалы, шаштараздар осы режимді қолдана алады. Қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді.
Жазалау емес, түсіндіру - салық органдарының берік ұстанымы!
Мемлекеттік кірістер комитеті қазір бұқаралық ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, азаматтар қажетті ақпаратты алу үшін мына ресурстарға хабарласа алады:
- 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады. Байланыс орталығы жауап беруге дайын;
- жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аудармалар бойынша сұрақтарды Telegram» мессенджеріндегі чатқа сұрақтарды жазып, жедел жауап алуға болады. Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODky ;
- мемлекеттік кірістер басқармаларының әрқайсысында (республика бойынша 200-ден астам) ақпараттық қолдау көрсету үшін «Консультативтік орталықтар» бар.
Салық төлеу ыңғайлы және тиімді!
Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлер үшін қолайлы заңды тетіктер әзерлеген. Сонымен қатар, көлеңкеден шығып, заңды жұмыс жасауға көшуге дайын кәсіпкерлерге жәрдемдесуге дайын. Атап айтқанда, мынадай қызметтер көрсетілетін болады:
- фискалдық сүйемелдеу, кәсіпкерлерді тіркеудің алғашқы қадамдарынан бастап, біз қазірдің өзінде декларацияны толтыру бойынша функцияларды іске асырдық, оған салық сомаларын толтыруға және есептеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ;
- сервистік тәсіл, ҚҚС бойынша шекті деңгейге жеткендігі туралы, банктік қосымшадан салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мүмкіндігі туралы хабарлайтын сервистер әзірленді;
- бизнесті қолма-қол ақшасыз төлемдермен жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлерде салықтық тексерулердің болмауы.
Одан бөлек, Жаңа Салық кодексі шеңберінде кәсіпкерлер үшін ынталандыру шаралары көзделетін болады.
Кәсіпкерлерді тексеруге мораторийдің аяқталуы: жалпы тексерулер болмайды!
Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді.
Жеке шоттарына 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан мобильді аударымдарды ай сайын, қатарынан үш ай ішінде алған тұлғалар (маңызды: 100-ден көп аударымдар емес, 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан түскен аударымдар) тексеруге жатады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі.
МАҢЫЗДЫ: әр түрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне мобильді аударымдар жасауға шектеулер жоқ.
Сондай-ақ, Е. Біржанов өзекті сұрақтарға жауап берді.
Мобильді аудармаларды тексеру не үшін қажет?
- Мобильді аудармаларды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталған.
Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды.
Егер сатушы қолма-қол ақша талап етсе ше?
- «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әр түрлі тәсілдері көзделген – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап). Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар: алғашында - ескерту, қайталап заң бұзғаны үшін – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы).