AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық...

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық жекеменшік білім беру ұйымдарына енгізіледі

Білім және ғылым 19.03.2025, 15:20 983 dulatbekova
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық жекеменшік білім беру ұйымдарына енгізіледі
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізіледі.

Ол туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Бағдарламаны дамыту бірнеше кезеңді қамтиды. 2025 жылы Бағдарлама аясында барлық қатысушыларды тартып, жекеменшік мектептермен жұмыс күшейтіледі. 2026 жылы Бағдарламаны қоғамға кеңінен тарату үшін пәрменді шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарын ескере отырып, мектептердің бірыңғай дизайн-коды әзірленеді.

«Бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында біртұтас білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы бұл бастаманың жалпыұлттық сипат алуы керектігін айтты. Осыған байланысты біз жеке білім беру ұйымдарында тәрбие бағдарламасын енгізу жұмысын жалғастырамыз. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық балаларды қамтитын және жалпыұлттық сипаттағы, стратегиялық мәні бар ұзақ мерзімді құжат», – деді Еділ Оспан.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тек қана білім беру ұйымдарындағы ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдардағы тәрбие жұмысына қатысты іс-қимылдың негізіне айналады. Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында мемлекеттік органдар жүзеге асыратын іс-шараларды біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында біріздендіруді жүргізеді. Бұл тәсіл оқушылардың бойында ұлттық және азаматтық құндылықтарды дамытуға бағытталған тәрбие жұмысының біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Адал азамат #біртұтас тәрбие #жекеменшік #білім беру ұйымдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);