AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Абаттандыру, көгалдандыру және жайлы өмір сүруге а...

Абаттандыру, көгалдандыру және жайлы өмір сүруге арналған жаңа кеңістіктер: Әуезов ауданы жаңарып келеді

Барлығы 03.07.2025, 12:24 1,054
Абаттандыру, көгалдандыру және жайлы өмір сүруге арналған жаңа кеңістіктер: Әуезов ауданы жаңарып келеді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Әуезов ауданында қоғамдық кеңістіктерді, аулаларды абаттандыру және тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жобалар халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев қазіргі уақытта ауданда төрт ірі қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, бұл — Ақсай-4 және 12-шағын аудандардағы скверлер мен Мамыр-4 және Жетісу-3 шағын аудандарындағы жаяу жүргіншілер аймақтары. Жобалар аясында балалар мен спорттық алаңдар, көше жиһаздары мен беседкалар орнату, жарықтандыру жүйесін жаңарту және көгалдандыру көзделген.

Негізгі жобалардың бірі — Сайран көлін абаттандыру. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың соңында аяқталып, бүгінде бұл аумақ қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналуда. Жобаны Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы жүзеге асыруда.

«Құрылыс және абаттандыру жұмыстары толық аяқталғанға дейін су айдынында шомылуға тыйым салынады. Қауіпсіздік шараларын сақтап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау — сүйікті қаламыздың тазалығы мен көркіне әрбір тұрғынның қосқан үлесі», — деді аудан әкімі Абзал Егембердиев.

Ағымдағы жылдың қараша айына дейін Жұбанов көшесін және Сайран шағынауданындағы бірқатар аулаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда. Жоба аясында демалыс және спорт аймақтары, балалар алаңдары, бейнебақылау камералары, шамдар, қоқыс жәшіктері орнатылады, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен автотұрақ орындары абаттандырылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы да белсенді жүзеге асырылуда. 2025 жылы 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 24 жоба — қоғамдық кеңістіктерді, 6 жоба — аула аумақтарын абаттандыруға бағытталған.

Аулаларды жақсартуға да ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылдың мамыр айында 23 ауланы күрделі жөндеу (1,8 млрд теңге) және 97 ауланы ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жобалардың толық аяқталуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

2025 жылы тағы 25 тұрғын үйге сәндік жарық орнату және 45 ғимараттың қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы 678 млн теңгеге 45 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу және 32 үйде 34 лифтіні ауыстыру (420 млн теңге) көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);