AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абаттандыру және көгалдандыру: Алматыда «Таза Қаза...

Абаттандыру және көгалдандыру: Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасады

Әлеумет 29.05.2024, 12:20 865 Almaty-akshamy.kz. 
Абаттандыру және көгалдандыру: Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл 29 мамырдан 29 маусымына дейін ағаштарды санитарлық мақсатта кесу ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар сынды жалғыз өзі тұратын әлеуметтік осал топқа (ХӘОТ) жататын жандардың ауласында жүргізіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

ХӘОТ-тен ағаштарды санитарлық мақсатта кесу бойынша өтінім Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тел.: 338-30-24 бойынша қабылданады. Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қажеттілігін анықтау үшін алдын ала тексеруден кейін аудан әкімдіктері тиісті іс-шаралар өткізеді.

Айта кететін нәрсе, ауа-райының қолайсыздығы кезінде құлау қаупі бар апатты жағдайдағы ағаштарды алып тастау жұмыстары Алматыда ерекше бақылауда. Ағаштардың жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ауру, құраған, қауіпті апатты ағаштар кесіледі. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ағаш кесу туралы шешім жалпыға бірдей қорытынды шыққан соң қабылданады. Оның орнына 10 есе мөлшерде көшет отырғызылады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен мегаполисте бір айда 30 мыңнан астам жапырақты ағаш және 5 мың бұта отырғызылды, бұл Нью-Йорктің барлық орталық саябағынан көп.

«Алматы – бақ қала» акциясы барысында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желек отырғызылды, оның 4 мыңнан астам алма. Тұрғындарға өз ауласын көгалдандыру үшін 3 мың көшет таратылды. «Мектеп ауласының оазисі» фестивалі аясында алматылық оқушылар 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туи көшетін отырғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы елді мекендер аумағын көркейту мен көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағаш #санитарлық кесу #Алматы – біздің ортақ үйіміз #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);