Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылдың басынан бері Алматыдағы автобус парктерінде шығарынды газдарға 3 мыңнан астам өлшеу жүргізілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Жалпы мамандар 3 108 автобусты тексерді. Мониторинг нәтижесінде оның 1 420-сынан, яғни шамамен 45,7%-ынан белгіленген экологиялық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Айта кетейік, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Қағида автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған шараларды қарастырады.