конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абайдың 181 жылдығына орай ҚазҰУ-де абайтану салас...

Абайдың 181 жылдығына орай ҚазҰУ-де абайтану саласындағы жаңа білім беру жобасы мен ғылыми әзірлемені таныстырды

Білім және ғылым Бүгін 14:35 44
Абайдың 181 жылдығына орай ҚазҰУ-де абайтану саласындағы жаңа білім беру жобасы мен ғылыми әзірлемені таныстырды
РСК Алматы

Абайдың әділеттілік, адалдық пен адамгершілік туралы идеясы мемлекеттік идеологиялық бағыттың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай күні қарсаңында Алматыда ұлы ойшылдың мұрасын зерделеудің осы заманғы тәсілдері, абайтану ғылымының дамуы мен жаңа ғылыми-білім беру жобалары туралы айтылды. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының өкілдері институттың қызметі, жаңа оқу пәнін енгізу мен Абай философиясын қазіргі білім беру жүйесінде тәжірибеде қолдану бағытындағы жұмыс жөнінде баяндады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Төрегелді Тұяқбай қазақстандықтарды алдағы Абай күнімен құттықтап, институттың басты мақсаты – ұлы ойшылдың мұрасын сақтап қана қоймай, оны өмірде тиімді пайдалану екенін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – Абайды тану арқылы адамның өзін-өзі тереңірек тануына ықпал ету. Университетте алты жылдан бері «Абай ілімі» атты жаңа пәнді оқыта бастады. Абайтану көбіне ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге бағытталса, «Абай ілімі» оның философиялық ойларын қазіргі өмірде қолдануға негізделген. Бүгінде осы пәнді жоғары оқу орнында ғана емес, мектепте де міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отырмыз. Бұған қоғам тарапынан сұраныс бар. Себебі Абай қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналуға тиіс», – деді Төрегелді Тұяқбай.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ләйла Мұсалы биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толатынын және оның идеялары өзектілігін жоғалтпай, қазіргі қоғамдық және білім беру үдерісінің маңызды бөлігіне айналып отырғанын айтты.

Абайдың әділеттілік, адалдық пен адамгершілік туралы идеясы мемлекеттік идеологиялық бағыттың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Спикердің сөзінше, «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» сияқты ұғымдар Абайдың тұлға мен қоғам туралы философиялық көзқарасымен үндес екен.

«Екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, Абайдың сөздері қоғамда әлі өзекті. Шығармасы ұлттық философиямен, құндылықпен астасып кеткендіктен, ұлы ақын мұрасының тәрбиелік маңызы артып барады», – дейді Ләйла Мұсалы.

Абайдың әділеттілік, адалдық пен адамгершілік туралы идеясы мемлекеттік идеологиялық бағыттың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Спикердің сөзінше, «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» сияқты ұғымдар Абайдың тұлға мен қоғам туралы философиялық көзқарасымен үндес екен.

Ләйла Мұсалы Абайдың шығармасын көз жүгіртіп қана оқып шықпай, оны күнделікті өмірде іс жүзінде қолдана білгенімсіз дұрыс деген пікір айтады.

«Абайдың өлеңдерін немесе өмірбаянындағы жекелеген деректі білу жеткіліксіз. Ең бастысы – оның шығармасының мәнін түсіну, онымен рухани сұқбат құрып, өмірлік шешім қабылдауда ақынның өсиеттерін бағдар ету. Бүгінгі абайтанудың негізгі міндетінің бірі – осы», – деп атап өтті ол.

Абай институтының басым бағытының бірі – абайтанудың қолданбалы бағытын дамыту мен ғылыми зерттеулердің нәтижесін білім беру үдерісіне біртіндеп енгізу екенін жеткізді ғалым.

2020–2022 жылдары жүзеге асқан «Абай ілімін танудың, түсіну мен қолданудың ғылыми негізі мен теориялық тетіктері» атты іргелі ғылыми жоба аясында институт отандық абайтануда баламасы жоқ бірегей ғылыми-қолданбалы өнім әзірледі.

Оның қатарында қазіргі заманғы азаматтың тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар болатын 19 адамгершілік қағиданы қамтитын «Абайдың кісілік кодексі» бар. Кодекстегі негізгі ұстанымның бірі – «Адал жүріп, адал тұр» қағидасы. Бұл жауапты әрі әділетті қоғам құру идеясын бейнелейді.

Сонымен қатар ҚазҰУ-де «Абай ілімі» атты пәнаралық оқу пәні әзірленіп, бүгінде университет студенттеріне оқытылып келеді. Бұл пән дәстүрлі абайтану курсынан өзінің тәжірибелік бағыттылығымен ерекшеленеді. Оның аясында Абайдың ақыл, қайрат, жүрек туралы тұжырымдары мен «Толық адам» концепциясы жан-жақты қарастырылған.

Тағы бір маңызды нәтиже – ҚазҰУ-дің электрондық кітапханасында орналастырылған «Абайтану антологиясы» атты ашық электрондық база. Ол зерттеушілерге, оқытушылар мен Абайдың шығармашылығына қызығушылық танытқан барлық оқырманға абайтану саласындағы ғылыми еңбектерге еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Абай институты 50 томдық «Абайтану. Таңдамалы еңбектер», 10 томдық «Абайтану антологиясын» әзірледі. Институттың ресми сайтында электрондық кітаптар, дәрістер, көрмелер мен басқа да зияткерлік ресурстар қолжетімді. Соңғы ғылыми әзірлеменің бірі – жасанды интеллект технологиясының көмегімен жасалған Абайдың дауыс жазбасы болды.

Абайтанудың алдағы дамуы іргелі ғылыми зерттеумен ғана шектелмей, Абай мұрасын білім беру тәжірибесіне, цифрлық жобалар мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізуге бағыттау қажет екенін атап өтті сөз соңында спикерлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект еңбек нарығын өзгертуде: партиялар білім беру мен болашақ мамандықтарды талқылады

Бүгін 15:13

Биылдан бастап мектептерде жасанды интеллект оқытылады

Бүгін 15:05

Алматы – Вашингтон: Америка мектебіндегі бір жыл және болашақ білімге жаңа көзқарас

Бүгін 14:43

Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді

Бүгін 14:10

Астанада Абай күні қалай атап өтіледі

Бүгін 13:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);