Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Abai University халықаралық QS WUR рейтингте нәтиж...

Abai University халықаралық QS WUR рейтингте нәтижесін жақсартты

Білім және ғылым 09.06.2022, 12:06 1,862
Abai University халықаралық QS WUR рейтингте нәтижесін жақсартты
Сурет: Almaty-akshamy

Әлемдік университеттер рейтингісінде Қазақстаннан 16 жоғары оқу орны қатысып отыр.


QS World University Rankings - 2023 (QS WUR) халықаралық рейтингісінің нәтижелері жарияланды, онда Abai University өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда 40 тармаққа жоғарылап, 511-520 орынды иеленді. Рейтингке барлығы 2462 университет қатысып, оның ішінде 1422 университет сараланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


QS WUR рейтингісі университеттердің беделін зерттеуге бағытталған. Әдістеме 8 бағалау критерийіне негізделген, оның 4-і бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ оң үрдіс көрсетті:


- Академиялық бедел (Academic Reputation) - бір жыл ішінде 90 тармаққа көтеріліп, 444 нәтижемен әлемнің 500 жетекші университетінің қатарына енді.


- Жұмыс берушілер арасындағы бедел (Employer Reputation) - бұл көрсеткіш дәстүрлі түрде жоғары болып табылады және 501+ деңгейінде қалды.


- Оқытушылар мен студенттер санының ара қатынасы (Faculty Student) - ең жақсы көрсеткіштердің бірі - 261.


- ПОҚ-дағы шетелдік оқытушылардың үлесі (International Faculty) - бұл көрсеткіш 19 тармаққа көтеріліп, 422 деңгейге сәйкес келеді.


Қалған 4 критерийге рейтинг құрастырушылар 601+ деген баға берді, оның ішінде даму мүмкіндігі бар зерттеу бөлімі.


- Бір оқытушыға шаққандағы дәйексөздер индексі (Citations per Faculty) 601+ құрайды.


Бұл көрсеткіш университеттердің ғылыми әсерін бағалауға бағытталған. Дәйексөздер зерттеулердің әлемдік академиялық қоғамдастықта мойындалғанын білдіреді. Зерттеу қаншалықты көп дәйексөз алса, соғұрлым оның әлемге әсері жоғары болады. Университетте неғұрлым көп сілтеме жасалған мақалалар болса, оның ғылыми ықпалы мен беделі соғұрлым жоғары болады. Ғылыми еңбектердің дәйексөз индексі соңғы 5 жылдағы мәліметтерді ескере отырып, Scopus (Elsevier) халықаралық библиометриялық деректер базасы негізінде бағаланады.


Айта кетсек, Абай университеті 2014 жылдан бастап QS World University Rankings беделді рейтингіне қатысып, бірте-бірте тұрақты өсуді көрсетіп келеді. Ағымдағы жылдың нәтижесі бойынша, университет әлемнің үздік 500 жетекші университеттерінің қатарына кіруге, тағы бір сенімді қадам жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет #рейтинг #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика