AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Абай университетінің ғалымдары үздік ғылыми зертте...

Абай университетінің ғалымдары үздік ғылыми зерттеулері үшін атаулы сыйлықтармен марапатталды

Мәдениет 29.12.2023, 06:44 1,806
Абай университетінің ғалымдары үздік ғылыми зерттеулері үшін атаулы сыйлықтармен марапатталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі үздік ғылыми зерттеулерді анықтауға және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға бағытталған 2023 жылғы конкурстың қорытындысын шығарды.


Абай университетінің Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығы дайындаған «Мұқағали тілі сөздігі» монографиясының авторлары –гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы атаулы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бұл маңызды еңбектің авторлары – Шерубай Құрманбайұлы, Жансейіт Түймебаев, Байынқол Қалиев және Сәбира Исакова. Түркітану орталығының жетекшісі – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы. Биылғы жылы Абай университеті ғылым мен білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін осымен екінші мәрте Ш.Уәлиханов атындағы атаулы ғылыми сыйлыққа ие болып отыр. 
Мемлекеттік ғылыми стипендия Абай университетінің үш ғалымына – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдумаувлен Бердышевке, PhD докторлары Жарасбек Байшемиров пен Айнұр Сейілханға берілді.


Бұл жетістіктер ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін көрсетеді және бүкіл ғылыми қоғамдастыққа білім мен инновацияның жаңа көкжиектеріне ұмтылуға ынталандырады. Лайықты марапаттар ғалымдардың жеке жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар жаңа кәсіби биіктерге жетуге және университет пен елдің дамуына бағытталған жалпы ғылыми әлеуеттің деңгейін көтереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай университеті #үздік зерттеулер #Мұқағали тілі сөздігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22

Лондонда Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін 11:00

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);