Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Абай университетінің ғалымдары марапатталды

Абай университетінің ғалымдары марапатталды

Барлығы 13.02.2026, 21:47 178
Абай университетінің ғалымдары марапатталды
“Абай” университеті

Бүгін Ғылым ордасында жоғары білім және ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мұнда отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбегі жоғары бағаланды. Бұл жоғары білім саласындағы оқытушылар мен зерттеушілердің әлеуетін арттыруға, білім мен ғылымның қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталып отыр.Республикалық деңгейдегі марапат иелерінің қатарында Абай университетінің ғалымдары дабар.

Салтанатты басқосуға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және жетекші ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатысты.

Жиынды ашқан Саясат Нұрбек мемлекет дамуындағы жоғары білім мен ғылымның рөліне тоқталып, алдағы жүктелген міндеттерді саралады. Сонымен қатар, «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан үздік ғалымдарды құттықтап, зор табыс тіледі.

Сахна төріне шығып марапат алған үздіктердің қатарында Абай университетінің бір топ ғалымы болғанын айта кетуіміз керек. Атап айтсақ, п.ғ.д., профессор-зерттеуші Ұлжарқын Абдигапбарова «Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері» атанса, PhD, Өнер факультетінің деканы Кәрім Байғұтов «Дарынды жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегерлері» республикалық байқауының жеңімпазы және «Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері» атанды.

– Бұл – тек жеке жетістік емес, бұл – отандық ғылымға көрсетілген қолдаудың нақты нәтижесі. Осындай мүмкіндік жасап, ғылым мен жоғары білім саласына айрықша көңіл бөліп отырған Мемлекет басшысына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне, сондай-ақ бізге әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан университет басшылығына ризашылығымды білдіремін. Бұл сенім бізге жаңа ғылыми ізденістерге жол ашып, ел дамуына қызмет етуге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Кәрім Байғұтов көрсетілген жоғары сенім мен қолдау үшін алғысын білдіріп.

Сонымен қатар, жоғары білім берудегі педагогикалық шеберлігін нықтаған 7 оқытушы-профессор «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағын иеленді. Олардың қатарыда геогр.ғ.д., профессор Бахадурхан Абдиманапов, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жазира Мукатаева, PhD, Биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, PhD, аға оқытушы Ерлан Исаков, PhD, Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығының жетекшісі Санат Құмарбекұлы, пед.ғ.к., постдокторант Адлет Кариев, PhD, аға оқытушы Нуржанат Шакирова бар.

Бұл марапаттар – Абай университеті ғалымдарының жүйелі еңбегін, ғылыми әлеуетінжәне білім мен ғылымды ұштастыру жолындағы табанды ізденістерін көрсетері анық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика