конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқан...

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Алматы 20.06.2026, 14:15 261 Дина
Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Бүгін Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды. Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін еліміздегі ең үздік педагогикалық жоғары оқу орнында қабылдау комиссиясы өз жұмысына кірісті. Қабылдау науқанының ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және университет басшылығы, қызметкерлері мен талапкерлер қатысты.

20 маусымнан бастап еліміздің барлық өңірінде университеттер қабылдау жұмысын бастайды. Республика бойынша биыл 215 мыңнан астам адам мектеп бітірсе, 240 мыңнан астам үміткер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр. Қара шаңырақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қабылдау комиссиясының ашылуына Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев арнайы қатысып, қабылдау науқанына сәттілік тіледі.

– Бүгін республика бойынша жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Бұл – өз мамандығын таңдап, шекті баллын жинаған талапкерлер үшін. Сондай-ақ шығармашылық емтихан тапсыратын үміткерлер де бүгіннен бастап университеттерге құжаттарын тапсыра алады. Ал, мемлекеттік грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі.

Биыл Абай университетінде тиімді үдеріс іске қосылып отыр. Бұл – консультация орталығы. Талапкерлердің өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға, мамандықты дұрыс таңдауға, грант конкурсында көрсетілген 4 жоғары оқу орнын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Консультациядан кейін ғана талапкер техникалық хатшыға құжаттарын өткізеді. Сондықтан, қабылдау комиссиясының мұндай тиімді жұмыс алгоритмі ата-аналар үшін де, талапкерлер үшін де пайдалы болады деп сенемін, – деді министр кеңесшісі.

Іс-шара барысында университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Оқу орны талапкерлерге жалпы саны 157 білім беру бағдарламасы бойынша кең таңдау ұсынатынын жеткізді. Оның ішінде бакалавриатта – 60, магистратурада – 58, докторантурада – 39 жәнеЛотарингия филиалында 8 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатынын алға тартты. Ашылу салтанатында сөз алған Бану Мұхатайқызы педагогикалық бағытқа талапкерлердің қызығушылығы жоғары екенін айтты.

Өткен жылғы қабылдау қорытындысында республика бойынша Абай университетін 23 555 талапкер таңдаса, университетімізге 5 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты бөлініп, 8 053 студент оқуға қабылданған болатын. Сондай-ақ Абай университетін таңдаған талапкерлердің қатарында 768 «Алтын белгі» иегері мен 997 үздік аттестат иегері болды. Бұл – университетімізге деген жоғары сенімнің және сапалы білім берудің нақты нәтижесі, – деді проректор.

Шара барысында Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов қабылдау кезеңінде талапкерлер тарапынан академиялық және әлеуметтік сұрақтар туындайтынына тоқталды. Оқу ақысына байланысты әлеуметтік жеңілдіктер және жатақхана бойынша консультация жүргізіліп, болашақ студенттердің жағдайы жасалатынын жеткізді.

Айта кетейік, Абай университетінің қабылдау комиссиясы Алматы қаласы Қазыбек би көшесі, 30 мекенжайында орналасқан. Аптаның дүйсенбі-жұма күндері 09:00-18:00, сенбі күні 09:00-14:00 уақыт аралығында жұмыс істейді. Шығармашылық емтиханға тіркелу 20 маусымнан 6 шілдеге дейін жүргізіліп, 7-12 шілде аралығында емтихандар өткізіледі. Ал, мемлекеттік грант конкурсына қатысуға құжаттар 13-20 шілде күндері қабылданады.

«Abai University» медиа орталығы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);