Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Абай университетінде ҚР Президентінің Жолдауы талқ...

Абай университетінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды

Жолдау 2023 08.09.2022, 11:55 1,535
Абай университетінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды
almaty-akshamy.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды. Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, сондай-ақ «Аманат» партиясы мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Іс-шара барысында ел экономикасын және оның барлық салаларын, бірінші кезекте білім беруді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына ерекше назар аударылды. Баяндамашылар Мемлекет басшысының еліміздің жастары мен балаларын әлеуметтік қолдауды жаңғырту, педагогикалық саладағы кадрларды даярлау сапасы жөніндегі бастамаларын ерекше атап өтті.


Ректор Д.Біләлов өз сөзінде Жолдаудың жоғары білімді дамытудың нұсқаулығы ретіндегі маңыздылығына тоқталды. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру отандық жоғары оқу орындарының жұмысын сапалы өзгертуге ғана қызмет етеді.



«Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағдарлап, алдағы саяси өзгерістерін айқындап берді. Бес бағдарды қамтитын саяси құжатта Ел Президенті «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз» деп басып айтты», – деді ректор.



Жолдаудың үшінші бағдары еліміздің басты құндылығы – адами капиталды дамытуға арналып отыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы ел болашағын стратегиялық инсвестициялау қажеттігін айтып өтті. Ол үшін ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.




Іс-шарада сөз сөйлеген спикерлер Жолдауда айтылған бастамалар туралы өз пікірлерін білдіріп, негізгі бағыттарын нақтылады.
Талқылау қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар қыркүйектегі Жолдау еліміздің өркендеген мемлекетті қалыптастыру жолындағы одан әрі ілгерілеуінің стратегиялық бағытын белгілегенін, оған әрбір азамат өзінің лайықты үлесін қосуы керектігін атап өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа беттерін ашып, ел дамуына жаңа серпін беретіндігіне сенімді.
Римма Абдықадырқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #президент #ҚазҰПУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика