AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Абай университетінде агробиостанция ашылды

Абай университетінде агробиостанция ашылды

Барлығы 11.11.2025, 18:01 672
Абай университетінде агробиостанция ашылды
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі

Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысып, заманауи агробиостанцияның лентасы салтанатты түрде қиылды. Бұл жаратылыстану және география факультетінің білім алушыларына зерттеу жұмыстарымен айналысып, тәжірибе жасауға жасалған үлкен мүмкіндік.

Студентердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған Агробиостанция Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында орналасқан. 38 гектардан астам аумақты қамтитын кешен студенттерге оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізуге, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және жаңа агротехнологияларды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Заманауи оқу-зертханалық базада зертханалар, 60 адамға арналған жатақхана, асхана, жуынатын бөлмелер, спорт алаңдары мен көлік тұрағы қарастырылған.

«Бүгін – университетіміз үшін маңызды тарихи күн. Себебі, білім ордамыз тағы да бір жаңа нысанмен толықты. Бұл – университетіміздің зерттеу жоғары оқу орнына жасалған үлкен қадам. Агробиостанция – теория мен тәжірибенің синтезі. Сондықтан, мұндай нысанның ашылуы университетіміздегі ғылымның дамуына септігін тигізеді. Болашақта бұл жерде тәжірибелік жұмыстар, ғылыми зерттеу жұмыстары қызу жүреді деп сенемін», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп.

Жаратылыстану және география факультетінде оқитын студенттер агробиостанцияда тәжірибелік сабақтармен айналысып, магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеулерін жүргізеді. Жобалар топырақ пен су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеу, биология, экология, география секілді оқу бағдарламалары бойынша жаңа технологияларды сынау т.б. бағыттар бойынша өткізіледі.

«Бүгін Жаратылыстану және география факультеті үшін ең қуанышты күн.  Білім алушылар үшін теория мен тәжірибені үйлестіріп, білімін тереңдетіп, ғылымға қызуғышылығын арттыратын база пайда болды. Инфрақұрылымдық үлкен базада студенттер мен жетекшілердің ғылыммен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Агробиостанцияның жұмысын жандандырып, ғылыми-әдістемелік орталыққа айналдыру біздің ұжым мен студенттердің қолында деп ойлаймын», – деді Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова.

Кешен табиғи-географиялық тұрғыдан қолайлы аймақта орналасқан. Гидрогеологиялық зерттеулер нәтижесінде су ұңғымалары қазылып, егістік алқаптарын суаруға мүмкіндік жасалған. Абай университетінің Агробиостанциясы оқу-тәжірибе базасы ретінде қызмет етеді және студенттердің кәсіби дайындығын қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінде «Таза Қазақстан» акциясының аясында көгалдандыру мен экологиялық табиғи ресурстарды байыту мақсатында «Іле Алатау» ұлттық паркі 100 түп ағаш көшетін сыйға тартты. Агробиостанцияның ашылуында университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар және студенттер аумаққа жас өсікдерді отырғызып, кешен мүмкіндігімен жан-жақты танысты.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай университеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 33 жыл

Бүгін 12:00

Балалар арбасымен автобустарға кіруге тыйым салынған: Министрлік не дейді

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);