Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар да...

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Білім және ғылым Бүгін 16:27 47
Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру саласындағы әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Университет «QS World University Rankings by Subject 2026» рейтингінде «Білім беру және оқыту» (Education & Training) бағытындаәлем бойынша 41-орынды иеленіп, ТОП-50 қатарына енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ҚазҰПУ осы бағыт бойынша ТОП-50-ге енген Қазақстандағы жалғыз университет және Орталық Азиядағы көшбасшы атанды. Бұл нәтиже университеттің заманауи педагогиканы дамытудағы және жаңа буынның халықаралық деңгейдегі мамандарын даярлаудағы стратегиялық рөлін дәлелдейді.

QS аймақтық директоры Сергей Христолюбовжаңа пәндік рейтингтерде Орталық Азияның жоғары білім беру жүйесі үшін тарихи жетістікке қол жеткізілгенін атап өтті. Оның ішінде, Абай университеті Азия бойынша үздік ондық қатарына еніп, Орталық Азия бойынша көш бастады. Бұл нәтиже – QS пәндік рейтингтеріне қатысу тарихындағы өңір үшін ең жоғары көрсеткіш.

Жетістіктің негізгі факторы – жоғары халықаралық академиялық бедел: бұл көрсеткіш бойынша университет әлемде 9-орынды иеленді. Соңғы бес жылда университет 410 академиялық номинацияға ие болды, олардың 67%-ы АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания, Канада және ТМД елдерінің жетекші университеттерімен серіктестікке байланысты.

Еңбек нарығы тарапынан да жоғары баға берілді: «Жұмыс беруші беделі» көрсеткіші бойынша әлемде 43-орын ҚазҰПУ түлектерінің халықаралық деңгейде сұранысқа ие екенін көрсетеді.

QS by Subject 2026 рейтингінде университет басқа бағыттар бойынша да ұсынылған:

- «Өнер және гуманитарлық ғылымдар»: #360 орын

- «Қазіргі тілдер»: #201–250

- «Лингвистика»: #301–350 (2019 жылдан бері тұрақты өсім)

- «Өнер және дизайн»: #201–300

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық серіктестіктерді кеңейту және негізгі көрсеткіштерді: дәйексөз алу, академиялық бедел, халықаралық зерттеу желісі және Хирш индексін арттыру арқылы өз позицияларын нығайтуды жалғастыруда.

Абай атындағы ҚазҰПУ – жай ғана оқу орны емес. Бұл – жаһандық  академиялық кеңістікке интеграцияланған ұлттық педагогикалық білім беру көшбасшысы.

QS World University Rankings пәндік рейтингінің соңғы шығарылымының нәтижелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.topuniversities.com/

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Қазақстанда әкелер 18 млрд теңге алимент төлемей жүр

Бүгін 16:16

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика