конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай атындағы ҚазҰПУ QS рейтингі бойынша жоғары кө...

Абай атындағы ҚазҰПУ QS рейтингі бойынша жоғары көрсеткішке ие

Білім және ғылым 06.04.2022, 14:34 1,717
Абай атындағы ҚазҰПУ QS рейтингі бойынша жоғары көрсеткішке ие
Сурет: Almaty-akshamy.kz

QS WUR by Subject 2022 әлемдік рейтингісінде университет жоғары орындардан көрінді


QS World University Rankings by Subject 2022 қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) алғаш рет пәндік рейтинг бойынша кең ауқымды «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» саласына кіретін «Білім беру және оқыту» мамандығы бойынша 62 орынға ие болып, әлемнің алғашқы жүз университеттерінің қатарына кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Бұл көрсеткіш рейтингтің осы санатында ұсынылған қазақстандық ғана емес, Орталық Азия жоғары оқу орындарының арасындағы ең үздігі болып табылады. Осылайша, Абай университеті Қазақстанның педагогикалық білім берудің флагманы деген атаққа лайықты екенін тағы да дәлелдеді.



QS World University Rankings by Subject 2022 қазіргі таңда әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - өнер және гуманитарлық ғылымдар, технология, өмір туралы ғылымдар және медицина, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және басқару сияқты негізгі бес пәнге топтастырылған нақты пәндер бойынша жетекші университеттерді анықтау.



Abai University «Білім беру және оқыту» саласында бұрын-соңды болмаған ілгерілеушілік көрсетіп қана қоймай, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» саласындағы рейтингке алғаш рет еніп, жалпы 64,5 баллмен 297-ші орынға шықты. Егер өткен жылы бұл салада университет «Ағылшын тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ұсынылса, биылғы жылы «Лингвистика» мамандығы әлем бойынша 201-250 топқа кіріп, алға шығып отыр (республикадағы ЖОО арасында 3 орын). Осылайша, университет пәндік рейтингте тағы бір рекорд орнатып, өткен жылғы екі пәндік пулды биыл үшке дейін ұлғайтты.



Биылғы рейтингті дайындау барысында QS мамандары дүние жүзі бойынша 1,5 мынан астам жоғары оқу орнына сараптама жасады. Университеттер 51 мамандық бойынша 5 кең ауқымды пәндік салаға топтастырылған. Биылғы рейтингтің ерекшелігі «халықаралық зерттеу желісі» индикатор ретінде қарастырылды.


Тәуелсіз және объективті QS World University Rankings by Subject рейтингі университеттің халықаралық аренадағы академиялық беделінің өсуін растайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚазҰПУ #рейтинг #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Кеше 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Кеше 16:42

«Елдің болашағы бүгінгі шешімнен басталады» – қоғам белсенділері жаңа конституция туралы

Кеше 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);