AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры...

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Мәдени Алматы Бүгін 15:59 43 yakiya
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының аяқталуына арналған салтанатты іс-шараларға шақырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

92-ші театр маусымының аяқталуы

 Маусымның қорытынды бағдарламасы ауқымды концерттерді, камералық кештерді және жаңа премьераларды біріктіріп, музыкалық-театр өнерінің сан қырлы болмысын танытады.

25 маусым | 20:00

Ашық аспан астындағы ауқымды Open Air «Опера түні» концерті

Бұл кеште театрдың алдындағы алаң сахнаға айналады. Жұлдызды аспан астында, симфониялық оркестрдің, жетекші солистер мен хордың сүйемелдеуімен ауқымды музыкалық панорама өрбиді. Көрермендер назарына Карл Орфтың монументалды «О, Фортуна» туындысы мен Чайковскийдің «Пиковая дама» операсындағы драмалық ариялардан бастап, Россинидің Фигаро каватинасы мен Масканьидің «Сельская честь» операсындағы застольная әніне дейінгі бай репертуар ұсынылады. Бағдарламада ұлттық өнеріміздің маржандары — «Біржан мен Сара» операсындағы айтыс сахнасы мен Абайдың жүрекжарды «Айттым сәлем, Қаламқас» әні орын алады. Кештің түйіні ретінде концертке қатысушылардың барлығы бірге орындайтын, жүректерді біріктіретін «Гүл Алматым» әні шырқалады.

 

26 маусым | 21:00 және 22:00

Театрдың тарихи жүрегіндегі музыкалық кеш (ARTE галереясы)

 

Екінші кеш қонақтарға өнер әлеміне бұдан да тереңірек әрі нәзік бойлауға мүмкіндік береді. Театр өзінің есігін айқара ашып, сәулет өнерінің інжу-маржаны әрі Алматының мәдени өмірінің жүрегі болып табылатын аңызға айналған тарихи ғимаратқа шақырады. Түннің басты оқиғасы —ARTE галереясындағы ауқымды музыкалық бағдарлама болмақ. Бұл кеште әртістер бай вокалдық бағдарлама ұсынады. Түнгі театрдың камерлік әрі эксклюзивті атмосферасында әлемдік және ұлттық классиканың жауһарлары мүлдем жаңаша үнмен қалықтап, ұмытылмас әсерлер симфониясына айналдырады.

«Опера түні» — бұл театрдың ұлылығы мен эстетикасын ерекше түнгі форматта сезінудің, опера труппасының жоғары шеберлігінен ләззат алудың және тарихи оқиғаның бір бөлшегіне айналудың бірегей мүмкіндігі.

27 маусым | 18:00

«Ұлы Жібек жолы» балетінің премьерасы

 

Шығыс пен Батысты байланыстырған Ұлы Жібек жолынан шабыт алған ауқымды балет қойылымы. Бұл — дәуірлер арасындағы саяхат, керуендер мен қалалар, тарихи жол бойында тоғысқан тағдырлар туралы хореографиялық аңыз. Спектакльде классикалық балет мектебі, шығыстық пластика және заманауи хореография үйлесім табады. «Ұлы Жібек жолы» — қозғалыс, таңдау және адамның мәңгілік көкжиекке ұмтылысы туралы туынды. Қоюшы идея авторы, либретто және хореография — Қазақстанның халық әртісі, Абай атындағы ҚазҰТОБ балет труппасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Түткібаева. Қойылымда ұлттық классика, балет классикасы, неоклассика және заманауи хореография біртұтас көркем тілге біріктіріледі. Екі актіден тұратын бұл балет — толықтай авторлық жаңа туынды әрі шығармашылық тұрғыдағы батыл эксперимент.

28 маусым | 18:00

«Абай» операсының премьерасы

Ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлына арналған ұлттық опера.

Бұл — ағартушылық жолы, рухани күрес және халқына білім нұрын сыйлаған тұлғаның тағдыры туралы терең философиялық музыкалық драма. Шығарманың музыкалық тілі ұлттық әуендер мен классикалық опера формасын біріктіріп, ерекше эмоционалдық кеңістік қалыптастырады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының жаңартылған сахналық нұсқасының премьерасы ұсынылады. Жаңа қойылым — музыкалық және әдеби мәтінді өзгертпестен жасалған сахналық қайта өңдеу. Негізгі назар спектакльдің тұтас драматургиясына және классикалық туындыны жаңа қырынан ашатын заманауи визуалды шешімге бағытталған. Жаңартылған нұсқа түпнұсқаға құрмет сақтай отырып, көрерменге неғұрлым айқын әрі заманауи театр тілін ұсынады.

92-ші театр маусымының аяқталуына шақырамыз!

Маусымның қорытынды аккордтарын бірге бөлісіп, эмоцияға, шабытқа және өнерге толы сәттерге куә болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді

Бүгін 14:27

Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер лақтады

Бүгін 14:13

Білім беру мен ғылым – дамудың стратегиялық бағыты

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);