AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Медицина Бүгін 14:03 43 yakiya
96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды
Алматы әкімдігі

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Арбат алаңында «Денсаулығым – өз қолымда. Менің таңдауым – қауіпсіз өмір» атты ауқымды акция өтті. Іс-шараны Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Адам репродукциясы қалалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Іс-шара аясында медицина мамандары, жастар, қала тұрғындары мен қонақтары АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, сондай-ақ репродуктивтік және психоэмоционалдық денсаулықты сақтау мәселесі төңірегінде бас қосты.

Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Түкеевтің айтуынша, акцияның басты мақсаты – тұрғындардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауының және уақытылы тексеруден өтудің маңыздылығы жөніндегі ақпараттылық деңгейін арттыру.

Акция барысында АИТВ-ның алдын алу және инфекцияны ерте анықтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қалаған әрбір адам АИТВ-ға тегін, құпия түрде және қажет болған жағдайда жасырын түрде жедел тест тапсыра алды. Акция кезінде 96 адам тестілеуден өтіп, нәтижесін небәрі 20 минут ішінде алды.

Мамандардың айтуынша, алматылықтардың тестілеуге деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Жыл сайын қала тұрғындарының 20 пайыздан астамы өзінің АИТВ мәртебесін анықтайды. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері АИТВ-ның алдын алу жөніндегі ақпаратты кеңінен насихаттау мақсатында тұрақты түрде көшпелі акциялар өткізіп, оқу орындары мен ұйымдарды аралап тұрады.

Акция аясындағы ақпараттық алаңдар негізінен жастар аудиториясына бағытталды. Қатысушылар балалар гинекологынан, уролог және эпидемиологтан тегін кеңес алды.

Адам репродукциясы қалалық орталығының директоры Гаухар Көшкімбаеваның айтуынша, дәрігерлер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алудың заманауи тәсілдері, тұрақты медициналық тексерулерден өтудің және ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығы, сондай-ақ жасөспірім кезден бастап денсаулыққа қарау мәдениетін қалыптастыру туралы түсіндірді.

Қонақтар үшін викториналар, тақырыптық сауалнамалар және ақпараттық материалдар таратылатын интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Қатысушылар салауатты өмір салты, АИТВ-ның алдын алу және психоэмоционалдық денсаулықты сақтау мәселелерін белсенді талқылады.

Мамандардың пікірінше, халықты ашық ақпараттандыру және тестілеудің қолжетімді болуы - АИТВ инфекциясының алдын алудағы ең тиімді құралдардың бірі. Осындай акцияларды қоғамдық орындарда өткізу медициналық көмек пен кеңесті тұрғындарға барынша қолжетімді етіп, қоғамдық денсаулықты нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АИТВ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52

Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты

Бүгін 11:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);