AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ​945 қазақстандық магистратура грантын иеленді

​945 қазақстандық магистратура грантын иеленді

Әлеумет 30.12.2021, 04:58 1,176
​945 қазақстандық магистратура грантын иеленді
inform.kz

Қысқы конкурс қорытындысы бойынша магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттарды 945 қазақстандық жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.


Оның ішінде ғылыми-педагогикалық магистратураға 837 адам, бейіндік магистратураға 108 адам оқуға түсті. Үміткерлердің арасында «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» сынды бағыттар сұранысқа ие болды.


Биыл Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша министрлік магистратура мен докторантураға гранттар беру үшін конкурсты екі рет дәстүрлі түрде жазда және алғаш рет қосымша қыста ұйымдастырды. Осылайша, түрлі себептерге байланысты магистратураға түсе алмаған үміткерлер білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға екінші мүмкіндік алды.



«Мемлекеттік гранттар республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттер альянсы мен «Отандастар» қорының өкілдері кірді. Отырыста комиссия барлық қатысушының нәтижесін қарады. Конкурстық іріктеу рәсімі толығымен автоматтандырылған. Магистратурада оқу үшін білім гранттары үміткерлердің балына сәйкес конкурстық негізде берілді», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.



Мемлекеттік магистратура білім гранттары иегерлерінің тізімі министрліктің Telegram парақшасында және Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған.


Барлық грант иегерлері 10 қаңтарға дейін құжаттарын университеттердің виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы тапсырады. Оқу жоғары оқу орындарының академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.


Айта кетейік, іріктеу сапасын жақсарту үшін ақылы бөлімге магистратураға түсу үшін шекті балл көтерілді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балл.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #грант #магистратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Бүгін 16:06

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңесі құрылады

Бүгін 15:42

Мемлекет басшысы: «Бас құжатымыз адами құндылықтар мен заң нормаларының жиынтығы ғана емес, ел дамуының қозғаушы күші болуға тиіс»

Бүгін 15:40

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау city жобасын жүзеге асыру – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс»

Бүгін 15:33

Президент: «Алматы агломерациясын дамыту қажет»

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);