ffin.kz

90-шы мерейтойлық маусым "Сильфида" романтикалық балетінің жаңа қойылымымен аяқталды

90-шы мерейтойлық маусым "Сильфида" романтикалық балетінің жаңа қойылымымен аяқталды Almaty-akshamy.kz. 

8 және 9 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-шы мерейтойлық маусымын көрермендері қошеметпен баураған Левенсхольдтың "Сильфида" романтикалық балетінің жаңа қойылымымен аяқтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алғашқы премьера күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева, жетекші театрлардың басшылары, шығармашылық зиялы қауым және Абай атындағы ҚазҰОБТ балет ардагерлері қатысты.

 

Қайта жанданған "Сильфида"  спектаклі Алматы қаласының  мәдени өміріндегі жарқын оқиғасына және жаздың жағымды сыйына айналғаны сөзсіз. Көрермендер алғашқы қадамдарынан-ақ мерекелік көңіл-күйге бөленді. Орталық кіреберісте капелдинерлер барлық әйелдерге раушан гүлдерін сыйлап, фойеде театрдың ішекті квартеті ойнады.  Фотоаймақ гүлді композициялармен және тарихи костюмдермен безендірілді. Спектакльді қою үшін әлемге әйгілі режиссерлар шақырылды: Мариин театрының премьері "Benois de la Danse", "Алтын маска", "Алтын софит" театр сыйлықтарының лауреаты Леонид Сарафанов және  театрымызбен екі он жылға жуық тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан, Ресейдің Халық суретшісі, Қазақстан, Молдова, Беларусь Республикаларының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Вячеслав Окунев. Спектакльдің қоюшы-дирижері-театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов. Қойылымның өзі канондық шеңберден шықпағанына қарамастан, спектакль динамикалық сипатқа ие болды, мизансценалар өзгертілді. Күрделі хореографияның барлық нюанстары дәл және түсінікті, қойылымның сценографиясы ұсақ бөлшектерді орындаудың тереңдігі мен көркемдігі таң қалдырады. Балет көрермендерді таңғажайып ертегі әлеміне апарып, қалықтаған тылсым жаратылыстарға, жердегі сезімдер мен құмарлықтарға батырады.

«Сильфида» балеті- бұл романтикалық хореографияның жаңа дәуірін ашқан, бізге жеткен ең көне хореографиялық спектакль. Өйткені, дәл осы спектакльде 1832 жылы 12 наурызда Парижде Корольдік музыка және би академиясының сахнасында балерина алғаш рет пуанты мен балетке арналған пачканы киді. Бұл Филоппо Тальонидің қызы Мария Тальониге арнап қойған Жан-Мадлен Шнейцхоффердің "Сильфида" балетінде болды. 1836 жылы Норвегия-даниялық композитор, орган аспабында ойнайтын Герман Левенсхольдтың Август Борнонвилл қойған «Сильфида»  балетінің тағы бір нұсқасы пайда болды,   және дәл осы нұсқасы екі ғасыр бойы көптеген театрларда көрсетілді. Филиппо Тальони мен опера әншісі Адольф Нурри  жазған либреттоның негізінде, 1822 жылы француз жазушысы Шарль Нодьенің жазған «Трилби немесе Аргели рухы» новелласына негізделген. Тек Нодьенің поэмасында балықшының әйелі фантастикалық жаратылыс-эльфке ғашық болады, ал Нурри мен Тальонидің нұсқасында кейіпкер елес қызға ғашық болады.

Қазақ ұлттық театрының сахнасында "Сильфида" балетінің бұл сахналық нұсқада алғаш рет 1984 жылы 31 наурызда Мариин театрының солисі, балетмейстер әрі педагог, РКФСР еңбек сіңірген әртісі Ксения Тер-Степанованың қойылымында Эльза-Марианна фон Розеннің редакциясында ұсынылды. Эффиге үйлену тойының қарсаңында жас шаруа жігіт- Джеймске әдемі қыз бейнесіндегі ауа рухы көрінеді. Джеймс көрінген елеске құмарланып, оны ұстап алғысы келеді. Бірақ Сильфида үшін  кез- келген жанасу өлімге алып келеді.

 Бас партияларды жетекші балет солистері орындады:

Сильфида, ауаның рухы -  Жанель Тукеева, Айман Егісбаева

Джеймс, Аннаның ұлыБогдан Вербовой, Рүстем Иманғалиев

Медж, балгерӘмір Жексенбек, Дәурен Жеңіс                

Эффи, Джеймстің қалыңдығы Айман Егісбаева, Динара Құдабаева

Анна, фермердің жесірі -  Айгүл Дуйсекова

Гёрн, шаруСырым Аюпов, Нұрсұлтан Алпамысұлы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07