AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 9 тілде еркін сөйлейтін оқушы Астанадан баспана са...

9 тілде еркін сөйлейтін оқушы Астанадан баспана сатып алған

Мұны білген жөн 09.02.2026, 09:59 614
9 тілде еркін сөйлейтін оқушы Астанадан баспана сатып алған
Видео кадры

Павлодарда 9 тілде еркін сөйлейтін оқушы тұрады. Қазір 11-сынып оқушысы шет тілін үйренгісі келетіндерге дәріс береді. Жастайынан бірнеше тіл үйренуге деген қарым-қабілеті оны қазірдің өзінде үлкен табысқа кенелткен. Айханым Оқасова өз еңбегінің нәтижесінде Астанадан баспана сатып алған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Тіл үйренуге деген қызығушылық Айханым Оқасоваға анасынан дарыған. Ол әуелі қазақ тілін жетілдіріп, кейін ағылшын тіліне ден қойған. Ал уақыт өте келе француз әндеріне әуестеніп, осы тілге ерекше сүйіспеншілік танытқан.

"Француз тілінен кейін Павлодар қаласындағы Жастар ресурс орталығында корей тілі бойынша тегін курстар ашылды. Кейін курс аяқталса да, бұл тілге деген қызығушылығым басылған жоқ. Корей тілін жақсы деңгейде меңгергеннен кейін араб тілін үйрене бастадым, ал араб тілінен соң қытай тіліне көштім. Қазір түрік және неміс тілдерінде де еркін сөйлей аламын", - деді ол.

Айханым Оқасова шет тілдерін меңгеруді 6-сыныптан бастаған. Ол тілдерді өз бетінше оқулықтар, бейнесабақтар және тікелей қарым-қатынас арқылы үйренген.

Қазір ол мектепте оқиды әрі шет тілдерінен онлайн сабақ береді. Жас полиглот болашақта беделді шетел университетіне оқуға түсіп, жер жаһанды аралауды армандайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #білім #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);