Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 9 тамызға арналған ауа райы болжамы

9 тамызға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 09.08.2021, 07:36 1,992
9 тамызға арналған ауа райы болжамы
tvsamara.ru

Синоптиктер 9 тамыз күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.


Еліміздің орталығы Павлодар облысының үстіндегі циклон республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райына себепші болады.


Соның әсерінен жаңбыр жауады, найзағай болады, солтүстікте, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ және дауыл күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.


Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.


Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.


Қарағанды облысында жел жылдамдығы 25 м/с жетеді.


Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады.


Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады.


Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай, бұршақ. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.


Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел қарқыны – 15-20 м/с. Шаңды дауыл болады.


Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Найзағай кезінде жел екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.


Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.


Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады.


Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық, облыстардың оңтүстігінде өте қатты ыстық, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.


Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тамыз #Ауарайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика