ffin.kz

7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген

7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген Сурет: ашық дереккөз

Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 77% пайызын құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің депутаттық сауалында халықтың несиесі туралы айтты, деп жазды Azattyq Ruhy.                              



«Жаңа Қазақстан» сөз тіркесі трендке айналып, халық арасында жаппай қолданысқа еніп кетті. Алайда Жаңа Қазақстанды жылтырақ сөзбен жаңғыртып, құра алмаймыз. Бұл – анық. Оған нақты іс керек, шұғыл халықшыл шешімді талап етеді. Ең бірінші, инфляция, баға деңгейі, экономикалық өсу қарқыны, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жұмыссыздықтың өзгеруін қамтитын макроэкономиканы жандандыру маңызды. Озық елдердің тәжірибесіне қарасақ, шағын және орта бизнестің дамуында банк саласы серпін беретінін көруге болады. Яғни екінші деңгейлі банктер елдің дамуында шешуші рөл атқарады», - деді Абзал Құспан.



Депутат take-profit.org биржалық порталында әлем елдеріндегі банктердің пайыздық мөлшері туралы ақпаратты табуға болады.



«Дереккөздерде Қазақстан Ұлттық банкінде жылдық пайыз мөлшері 16,75 % екені көрсетілген. Бұл – 159 елдің ішінде 143 орыннан көрінуге септігі тиді. Әлемнің озық елдерін саралайтын болсақ, Кореяда – 3,5%, Қытайда – 3,65%, Германия, – 3.75%, Англияда – 4,25%, Канада – 4,5%, АҚШ-та 5,25% пайыз деңгейінде белгіленген. Шетелдердегі қаржылық институттар шағын және орта бизнестің дамуына мүдделік танытып, бизнес жобаларды көптеп қаржыландырып жатады», - деді Құспан.



Депутаттың айтуынша, Өзбекстан Ұлттық банкінің пайыздық мөлшері 14% пайызды құраса, Қырғызстанда – 13%, Тәжікстанда – 10%, Әзірбайжанда 9% пайыз деңгейінде.



«Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігіндегі шағын аралдарда орналасқан Фиджидегі банктер пайыздық мөлшері 0,25% пайызды құраса, Камбоджада 0,88% пайыз екен. Сонда жерінің асты байлыққа тұңған Қазақстан халқы кредитті 16,75% пайыз мөлшерінде неге алады? Бұған не себеп? Сарапшылардың айтуынша, пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы нарықтағы тауарлар мен қызмет бағасының негізсіз өсуіне әкеп соғады. Олай болса, елдегі қымбатшылыққа банктер де жауапты деген сөз», - деді ол.



Абзал Құспан атағандай, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, ВТБ Банк пен «Bereke bank» АҚ жылдық пайыздық ставкасы 21,5% пайызды құрайды.



«Банк ЦентрКредит» АҚ – 23,6 пайыз, «Еуразиялық банк» АҚ – 23,7 пайызды, «Kaspi bank» АҚ – 24,4 пайыз, «Home credit bank» АҚ - 28,5 пайыз көлемінде кредит береді. Бұған банктердің сақтандыру және тағы басқа міндеттерін қосыңыз. Сонда тұтынушылар кредитті 4-5 жылға рәсімдеген жағдайда банкке қарызды екі-үш есе қосып қайтарады. Бұл - дегеніңіз халықты қанаумен тең ғой. Шын мәнінде, Ұлттық банк жылына 56% пайыздан аспауы керек деген шектеу халықшыл шешім емес. Бұл – халықты тығырыққа тірейтін шешім. Соның салдарынан ипотекалық және автокредиттер 25% пайызға дейін, ал қарапайым адамдар алып жатқан кепілсіз кредит 56% пайызға дейін көтеріліп, халықтың белшесінен қарызға батырып отыр», - деді депутат.



Оның айтуынша, ел арасында мемлекет кредитті кешіреді екен деген әңгіме желдей есіп жүр.



«Неге? Өйткені кредитін төлей алмай отырған адамдар көп. Тағы да ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына сүйенетін болсақ, 2020 жылы 392 мың адам 90 күннен аса уақытта кредитін төлемесе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 421 мың адамға жетті. 2022 жылы 534 мың адам уақтылы кредитін өтей алмағаны белгілі. Ал, Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның 2023 жылдың сәуір айында жүргізген статистикаға сай 7,5 миллион қазақстандықтың қарызы өтелмеген. Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 77 пайызын құрайды. Елдің 1,5 миллион тұрғыны несие бойынша төлемді 90 және одан көп күнге кешіктіріп төлеген. Ал осы жылдың 1-ші сәуіріндегі мәлімет Қазақстандықтардың несиелері 30 пайызға - 7,7 трлн теңгеге өскен. Яғни, 822 мың адам қарызданушылар. Бұл ойланатын мәселе. Қазір қарапайым халыққа ауыр тиіп жатқан екі фактор бар. Оның біріншісі қымбатшылық, екіншісі - жоғары пайыздық мөлшердегі несие», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43