Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 07.09.2022, 02:02 1,613
7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Көптеген өңірінде 30 градустан жоғары болады


Қазгидромет 7 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нұр-Сұлтан қаласы нда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігіне, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.


Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.


Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градусқа жетеді.


Ақмола облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Абай облысының солтүстігінде, батысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады.


Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.


Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде облысынын солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.


Алматы және Қонаев қалаларында 35-37 градус қатты ыстық болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #ыстық #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика