Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 671 миллион теңгеге мүлік алған: Перизат Қайрат ақ...

671 миллион теңгеге мүлік алған: Перизат Қайрат ақшаны қайда жұмсады?

Әлеумет 14.07.2025, 12:02 751
671 миллион теңгеге мүлік алған: Перизат Қайрат ақшаны қайда жұмсады?
instagram.com/01pk

Перизат Қайрат ісі бойынша сотта прокурор айыпталушы қоғам белсендісінің ұрланған ірі сомадағы қаражатты қайда жұмсағанын айтып берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Прокурор бірқатар деректерді жария етті. Оның айтуынша, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырып болған соң, Перизат Қайрат пен анасы бұл қаражаттың бір бөлігін заңды айналымға енгізіп, қымбат жылжымайтын мүлік, әшекей бұйымдар мен люкс заттар сатып алған.

Мысалы:

  • 2024 жылғы 25 мамырда Перизат Қайрат Астанадағы ROLEX BOUTIQUE дүкенінен 6 973 000 теңгеге сағат сатып алған.

  • 4 мамырда Akbulak Rivera тұрғын үй кешенінен 93 000 000 теңгеге пәтерді қолма-қол ақшаға алған. 5 мамыр мен 26 тамыз аралығында бұл пәтерге 123 000 000 теңгеге жөндеу жұмыстары жасалып, ол да қолма-қол төленген.

  • 27 мамырда Highvill Ishim Gold тұрғын үй кешенінен 205 000 000 теңгеге пәтер мен тұрақ орны сатып алған.

  • 1 маусымда Қайрат пен анасы Көкжайлау 3 кешенінен 25 500 000 теңгеге пәтер алған.

  • 18 маусымда Astana Motors Premium ЖШС-нен LEXUS LX 600 көлігін 80 212 000 теңгеге қолма-қол ақшаға сатып алған.

  • 9 шілдеде North Star of Kazakhstan ЖШС-нен Mercedes-Benz S 450 4MATIC көлігін 77 257 765 теңгеге сатып алған. Оның ішінде 20 миллион теңгені есепшотқа аударып, қалғанын қолма-қол төлеген.

  • 16 шілдеде Қайрат Жасұзақовтан 6 600 000 теңгеге тұрақ орнын сатып алған.

  • 27 тамызда Әлімовтен Vela Village коттедж қалашығынан үй, құрылыс және жер телімін 150 000 000 теңгеге сатып алған.

  • 3 қыркүйекте Musag Astana ЖШС-нен HAVAL H6 GT көлігін 13 570 000 теңгеге алған.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, су тасқыны кезінде ұрланған ақшамен Қайрат пен анасы жалпы құны 671 382 000 теңге болатын мүлік, сондай-ақ 158 289 365 теңгеге әшекей бұйымдар мен аксессуарлар сатып алған.

Тәркіленген 123 дана бренд сөмке, аяқ киім мен әшекейлердің жалпы бағасы 152 870 806 теңге болған. Бұл заттар зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған қаражатқа алынған. Ал Алашбаевадан тәркіленген 17 бұйымның құны 5 418 559 теңге болған.

Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, Қайрат пен Алашбаева 2 860 047 926 теңгенің ұрланған сомасының 1 036 994 900 теңгесін заңдастырып, айналымға енгізген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Перизат Қайрат #мүлік #ақша #ұрлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика