AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Өмір-өзен 13.05.2022, 03:17 1,363 Almaty-akshamy
6 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды


«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.


Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде күн күркіреп, дауыл болады. Солтүстік-батыс бағыттан күндіз солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел еседі.


Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 13 мамырда Оралда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.


Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, найзағай ойнайды.


Атырау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында 23 м/с, Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Дауыл #Ескерту #Қазгидромед
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

Бүгін 12:08

Алматыда жаздың басында аптап ыстық болады

Бүгін 11:42

Қазақстанда жылына 10 млн тонна өңдейтін ірі мұнай өңдеу зауытын салуға дайындық басталды

Бүгін 11:36

Алматыда №145 жаңа автобус бағыты ашылды

Бүгін 11:33

Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылады

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);