AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 50 кен орны аукционға қойылады

50 кен орны аукционға қойылады

Әлеумет 10.04.2025, 16:03 718 yakiya
50 кен орны аукционға қойылады
Павлодар обл. ТЖД баспасөз қызметі

Мамандар мұндай аукциондар Қазақстанға инвестиция тартуға көмектесетінін айтады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, маусым айында 50 қазақстандық кен орны жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында электронды аукционға қойылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

MINEX-тің 15-тау-кен геологиялық форумында министрлік бұл кен орындарын 25 жылға дейінгі мерзімге лицензиямен өндіруге берілетінін жеткізді.

Ал шарт бойынша, компания тау-кен жұмыстарының жоспарын құрып, кен орнын игеру мерзімін көрсетуі керек. Аукцонға АҚШ, Еуроодақ және Қытайдан компаниялар өтініш білдірген. 

Бұл – баланста қорлары бар кен орындары. Біз оларды олжа ретінде пайдаланамыз. Бұл кен орындарында алтын, көмір, сирек металдар, полиметалдар шығарылады. Жақын арада ақпаратты жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында жариялаймыз. Нысандарды шығарған соң барлық ниет білдіруші аукционға қатыса алады. Ол үшін құжаттарды онлайн тапсырып, қатыса алады, — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Көшімов.

Мамандар мұндай аукциондар Қазақстанға инвестиция тартуға көмектесетінін айтады. Ал кейбір пайдалы қазбалар жиналатын орындар тиісті құжаттаманың болмауына байланысты әлі жарияланбаған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша бізде қатты пайдалы қазбалардың 23 кен орны болды. Олар алғаш рет мемлекеттік есепке алынды. Мәселен, алтын туралы айтсақ, мемлекетке 20 тонна алтын пайда ретінде қосылды. Сол секілді жыл сайын геологиялық барлау нәтижесі бойынша қорлар бекітіліп, мемлекеттік есепке қойылады және оны өндіруге тартады, — деді ол,.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аукцион #кен #қазба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);