AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 50 жастан асқан 3,2 мың адам жаңа дағдыларды игерд...

50 жастан асқан 3,2 мың адам жаңа дағдыларды игерді

Әлеумет 29.11.2023, 04:45 853
50 жастан асқан 3,2 мың адам жаңа дағдыларды игерді
Сурет: Аlmaty.tv

«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтарға жаңа дағдыларды игеріп, одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында тегін оқуға мүмкіндік берілді.


Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылды, осы уақыт ішінде оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді, оның 3,2 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбек жіне халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, курстан өткені туралы сертификат алынған барлық дағдылар көрсетіліп, Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші өзіне қажетті жұмыс іздеушінің түйіндемесінде қолда бар сертификаттар мен алған дағдыларын көреді.


Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшісі болғысы келетіндер және мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге еріп жүретіндерге арналған кәсіптік курстар осы санаттағы азаматтар арасында көбірек сұранысқа ие.


Сонымен қатар, жобаға қатысушылар «Тамақтану» бағыты бойынша «Аспаз», «Наубайхана ісінің негіздері» және «Кондитерлік шеберхана» курстарында, «Ауыл шаруашылығы» саласында – «Үйрек, қаз өсіру», «Құс шаруашылығы», «Жылыжайларда лимон өсіру» курстарында оқуды жөн көреді. «Қаржы және есеп» бағыты бойынша азаматтарды «Сақтандыру агенті», «Кассир» және «Бухгалтер» сияқты курстар қызықтырады.


Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қосымша парағында ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар, энергетика сияқты бағыттар бойынша 130-дан астам курс бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күміс жас #жаңа дағды #меңгеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика