ffin.kz

5 қазанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі жаңа концерттік маусымды ашады

5 қазанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі жаңа концерттік маусымды ашады Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

5 қазанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі 90-шы концерттік маусымын ашады.


Оркестр тыңдаушылары мен музыка әуесқойларын қандай музыкалық жаңалықтар күтіп тұрғанын оркестр ұжымы ӨКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


90-шы мерейтойлық маусым өте қарқынды болуға уәде береді. Ағымдағы концерттік маусым Италиядағы гастрольдік тур барысында ашылды.  Оркестрдің концерттік турлары Республика қалалары бойынша да жалғасуда, деп еске алды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.



«5 қазанда 90-шы маусымның ашылуы басталады. Келесі жылы оркестр құрылғанына 90 жыл толады, оны бәріміз асыға күтіп жүрміз. Мерейтойға байланысты республиканың барлық қалаларында және одан тыс жерлерде гастрольдік турлар жоспарлануда. Атаулы күннің құрметіне біздің тыңдаушыларымыздың алдында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев өнер көрсетеді. Біздің оркестр ұжымымен қатар Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының және филармония әртістері де өнер көрсетеді», - деп бөлісті М. Қуанышев.



Жаңа маусымда тыңдаушыларды жаңа музыкалық шығармалар күтеді. Оркестр отандық және шетелдік композиторлардың үздік шығармаларын орындайды.



«Біз көрерменге жаңа репертуар ұсынуға тырысамыз. Бұл шетелдік және отандық композиторлардың шығармалары болмақ. Осы маусымда біз композитор Зекинья де Абреудің әйгілі «Тико-Тико» шығармасын орындамақпыз. Шостаковичтің 10-шы симфониясының екінші бөлімі де бірінші рет орындалады. Ал қалғаны тыңдаушыларымыз үшін тосын сый болсын», - деді ұлттық оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген.



Өз кезегінде, қобыз тобының концертмейстері, халықаралық байқаулардың лауреаты Әсел Рахымжан эмоцияларын жасырмады, басты оқиға - ұлттық оркестрдің 90 жылдық мерейтойы алдында қатты толқып жүргенін айтты.



«Біз 90 жылдықты асыға күтеміз, өйткені үлкен оқиғаның бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе. Біздің оркестрде Ахмет Жұбанов, Шамгон Қажығалиев,Қаршыға Ахмедияров, Фатима Балғаева және басқа да көптеген ұлы музыканттар жұмыс істеді», - деп бөлісті А.Рахымжан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04