AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / 5 жылда 75 кино қазақшаланбақ

5 жылда 75 кино қазақшаланбақ

Мәдениет 25.07.2023, 08:23 1,119
5 жылда 75 кино қазақшаланбақ
Сурет: Stan.kz

Биыл неге шетелдік фильмдерді қазақшалау жұмысы тоқтап қалды?


Мұның себебін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Дубляж мәселесін біз қарастырдық. Білесіздер ғой, бір-екі ай бұрын мәдениет саласын дамытудың 7 жылдық тұжырымдамасы бекітілді. Былтырдың өзінде 3, 4, 5-ке дейін киноның дубляжы ұйымдастырылған болатын. Бірақ біз тұжырымдамаға басқа көрсеткіштер енгіздік. Ендігі кезекте жыл сайын қазақша дубляждалатын фильмдердің санын кем дегенде 3 есе көбейтеміз. Яғни, жыл сайын 15 киноның дубляжын өткіземіз.



Биыл да 15-ке жеткіземіз деген жоспар бар. Бірақ тұжырымдама бекітілгеніне екі ай болды. Конкурс процедуралары бар. Бүкіл жұмыс заңға сәйкес ұйымдастырылып жатыр. Шынын айтқанда, 5 жылдың ішінде 75 киноның дубляжын өткіземіз деген жоспар бар. Кейінгі 7 жылда ондай көрсеткіш болған жоқ. Бұған арнайы Үкімет қаулысы шықты. Қазір конкурстық процедуралар өтеді. Жыл соңына дейін қолға алып, жұмыстарды үйлестіреміз. Келесі жылдан бастап кем дегенде ең мықты деген 15 киноның дубляжы ұйымдастырылады», - деді ол.


Асхат Ораловтың айтуынша, жылына 3-5 киноны дубляждау жеткілікті емес.



«Өйткені қазір халықтың сұрауы бар. Былтырдың өзін қарайтын болсақ, 3-4 киноның өзі қаншама сұранысқа ие болды?! Сондықтан мұны санын 5 есеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кино саласы #қазақшалау #шетелдік фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);