AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 4 мамыр күнгі ауа райы болжамы

4 мамыр күнгі ауа райы болжамы

Өмір-өзен 04.05.2022, 02:00 1,510
4 мамыр күнгі ауа райы болжамы
kostroma.mk.ru

«Қазгидромет» РМК мамырдың 4-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысым әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.


Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей уақытта 25 метрге дейін күшейеді.


Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.


Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с желдамдықпен еседі.


Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.


Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.


Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.


Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман түседі.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ауарайы #жауын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін

Бүгін 12:40

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Бүгін 11:46

Алматыда қандай мамандық сұранысқа ие екенін айтты

Бүгін 11:39

Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Бүгін 11:32

ІІМ оқушылар мен студенттерге үндеу жасады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);