AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жари...

34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға өтініш берді

Әлеумет 31.03.2023, 18:40 956 Almaty-akshamy
34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға өтініш берді
Сурет: Ашық дереккөз

3 наурыздан бастап азаматтардан өтініш қабылдау басталды


34 мыңнан астам отандасымыз банкроттыққа өтініш білдірген. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«3 наурыздан бастап азаматтардан банкрот деп жариялау бойынша өтініш қабылдау басталды. 31 наурыздағы жағдай бойынша, 34 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінен eGov.kz электрондық Үкімет порталы (94%) және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (6%) түсіп жатыр», – деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде салық органдары азаматтың мына талаптарға сәйкестігін тексереді:


- банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы 5,5 млн теңгеден аспауы керек (1600 АЕК);


- қарыздың өтелмегеніне 12 айдан асуы керек;


- ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүлік болмауы керек (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);


- банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыш бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.


«Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі. Тексеру мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы «Qoldau» жеке тұлғалардың банкроттығы ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жасалады», - дейді вице-министр.


Еске салайық, 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды. Аталған процесс туралы толығырақ осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Банкроттық #өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика