Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 33 елді мекен Абай атымен аталған, 77 мың грант: а...

33 елді мекен Абай атымен аталған, 77 мың грант: аптаның айырықша көрсеткіші

Мұны білген жөн 08.08.2025, 10:38 640
33 елді мекен Абай атымен аталған, 77 мың грант: аптаның айырықша көрсеткіші
Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

33 елді мекен Абай атымен аталған

Павлодардан бастап Жетісуға, Түркістаннан Қарағандыға дейін – Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Жетісу, Абай, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарындағы 33 елді мекені Абай есімімен аталады. 

Үкімет "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті

Ақтауда теңіз вокзалы мен халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланған.

Жоспар жүзеге асырылғаннан кейін 2029 жылға қарай ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мың адамға, ал келуші туристер санын 89 мыңнан 143 мың адамға дейін артады деп күтіледі. 

Ана өлімі 10 пайызға төмендеген 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 6 айында ана өлімі деңгейі 10 пайызға, нәресте өлімі 26,3 пайызға төмендеген. 

Шалғайдағы ауылдар интернетпен қамтамасыз етіледі 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун интернетке қол жеткізуі қиын елді мекендерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтты.

"Бізде 6 мың елді мекен бар, олар интернетке қол жеткізу қиын деп белгіленген. Бүгінгі таңда 2,5 мыңнан астамы интернетпен қамтамасыз етілген. "Қазақтелеком" компаниясымен қол қойылған келісімнің нәтижесінде біз екі жыл бойы барлық қалған ауылдарды қосып, жетуі қиын ауылдарды қамтудың 90%-дан астамына қол жеткізуге тиіспіз. Сондай-ақ Starlink және OneWeb спутниктері арқылы ауылдарды интернетке қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Дмитрий Мун.

42 су қоймасы салынып, жаңғыртылады

Сумен көзімен қамтамасыз ету және су шығынын азайту үшін Қазақстанда 2024-2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары іске асырылуда. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. 

 Жоспарда 42 су қоймасын салу мен жаңғырту, сондай-ақ 14,5 мың шақырым магистралды каналдарды күрделі жөндеу қарастырылған.

Өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 941 дерек анықталған

Үкіметте өткен дәстүрлі баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев өрт қауіпсіздігі туралы айтты.

"2023 жылы мораторий болғандықтан біз үлкен сауда үйлерін жаппай тексерген жоқпыз. Одан басқа уақытта 2 мың шаршы метр аумақтан астам жерді алып жатқан сауда үйлерін жыл сайын тексеріп келеміз. Осы жылы сондай 63 сауда нысанын тексердік. Өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 941 дерек анықталды. Қазіргі кезде салалық заңға көп өзгерістер енгізілген. Соның біреуі – көп адам жиналатын, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандары сақтандыруға жатады. Осындай оң өзгерістер өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады деп олаймын", - деді төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев.

77 мың білім беру гранты

Жалпы "AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік жетекші университеттермен серіктестікте жұмыс істейтін 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. 

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.

Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін заңнамада белгіленген квоталар сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн саны #Дерек #аналитика #Апта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика