AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 32 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы шараларға...

32 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы шараларға қатысуды жалғастыруда — ҚР ТЖМ

Әлеумет 23.04.2024, 10:28 1,055
32 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы шараларға қатысуды жалғастыруда — ҚР ТЖМ
Сурет: Gov.kz

ҚР Үкіметінің отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов өңірлердегі ағымдағы су тасқыны жағдайы және елді мекендерді су тасқынынан қорғау шаралары туралы айтты.


Бауыржан Сыздықов атап өткендей, қазіргі уақытта Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жалғасуда. Еліміздің батысында Ириклин су қоймасынан (Ресей) Жайық өзеніне су құюылуына байланысты жағдай күрделене түсті. Республиканың солтүстігінде су Ақмола облысынан келеді.


Абай, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.


Министрдің мәліметінше, бүгінде 5 мыңнан астам тұрғын үй, 18 мыңнан астам саяжай мен 1 мың аула аумағы, сондай-ақ 91 ғимарат су астында қалып отыр.



«Су тасқынының салдары ауқымды болды, елді мекендерге зиян келтірді. 10 облыста 41 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Абай мен Павлодар облысының 3 ауданында ТЖ режимі алынып тасталды», -  деді Шыңғыс Әрінов.



Оның айтуынша, ТЖ аймақтарындағы елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруге және көлік байланысына қатысты.


Вице-министр су тасқынын жою басталғаннан бері шамамен 11,6 млн текше метр еріген қар суы сорылғанын, 5 млн астам бірлік қаптар салынғанын хабарлады.



«Құтқару және шұғыл жұмыстар кезінде жаңа әдістер мен тәсілдер алғаш рет енгізілді. Мысалы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату, қысқа мерзімде су бұру арналарын салу. Бұл көлік қатынасын қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді», — деп атап өтті.



Су басу аймақтарынан барлығы 119 мыңға жуық адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 44 мыңнан астамы бала. Зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру бойынша барлық мәселелер сол жерде жедел шешіледі, азаматтар ешнәрседен мұқтаждық көрмейді. Қажет болған жағдайда оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.



«Құтқарушылар босанған әйелдерді де құтқаруға мәжбүр болған жағдайлар болды, олардың барлығы ауруханаларға аман-есен жеткізілді. Иелері тастап кеткен жануарларды да қиын жағдайда қалдырмады», — деп атап өтті вице-министр.



Ол құтқарушылар мен тартылған барлық қызметкерлер тәулік бойы әрі өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда төтенше жағдайды жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ жұмылдырылған.


Апаттық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін 10 өңірде көптеген арнайы және басқа да техникалар жедел түрде пайдалануға шығарылды.



«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдіктер зардап шеккендерге материалдық шығынды есептеп, төлеп жатыр. Біз су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастырамыз, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», — деп қорытындылады сөзін Бауыржан Сыздықов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #қарсы шаралар #су тасқынынан қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);