Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 31 млрд теңгеге қол жууды үйретеді

31 млрд теңгеге қол жууды үйретеді

Әлеумет 13.05.2025, 14:37 704
 31 млрд теңгеге қол жууды үйретеді
upl.uz

Бағдарлама аясында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде қол жууға арналған орындар санитарлық-гигиеналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.

2025 жылы Өзбекстанда халықтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынып отыр. Президент Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен елде «Таза қол» атты арнайы бағдарлама жүзеге асырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

upl.uz-тің мәліметінше, бұл жобаға 780 миллиард сум (шамамен 64 миллион доллар) көлемінде қаржы бөлінеді.

Бағдарлама аясында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде қол жууға арналған орындар санитарлық-гигиеналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ санитарлық инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық берілмек.

Атап айтқанда, 126 мектепте оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін ішкі дәретханалар салынады. 6 мыңға жуық балабақшаға күн энергиясынан қуат алатын коллекторлар орнатылады. Ал 4300 әлеуметтік нысанға үздіксіз ауызсу жеткізу мақсатында су сақтайтын резервуарлар қойылады.

«Таза қол» бағдарламасының тағы бір маңызды бағыты — тұрғындардың жеке гигиена талаптарын сақтау маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру жұмыстары. Дәрігер мамандардың айтуынша, қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау арқылы жұқпалы аурулардың 35–40 пайызын алдын алуға болады.

Бұл бастама Өзбекстанда қоғамдық денсаулықты нығайтуға және өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін үйретуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #қол жуу #бастама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика