ffin.kz

30 жыл бойы пеш жаққан: Алматы облысының тұрғындары қашан орталық жылу жүйесіне қосылады

30 жыл бойы пеш жаққан: Алматы облысының тұрғындары қашан орталық жылу жүйесіне қосылады Сурет: Almaty.tv

Бұл мәселеден Панфилов ауылдық округінің әкімдігі хабардар


Алматы облысында 5 қабатты қос үйдің тұрғындары 30 жыл бойы пеш жағып келеді. Орталық жылу жүйесінен ажырап қалған 80 отбасы биыл да қыстың қамына ерте кіріспек. Өйткені біріне көмір түсіріп, біріне солярка тасып, ал қалғандарына газ баллонын сатып алу керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Сырт көзге барлық жағдайы жасалған 5 қабатты үй болып көрінгенімен, кем-кетікті мұндағы тұрғындар жақсы біледі. Ал көкке қарап тұрған мұржалардан үйдің отпен жылынатынын байқауға болады.  


Мұрат Бекмұратов ел-жұрт секілді балконына қажетсіз заттарды жинай алмайды. Өйткені орнында қыста жылу беретін үлкен пеш пен от жағуға қажетті құралдар тұр. Күз келсе 3 баланың әкесінен маза қашады. Себебі көмір сатып алудан бөлек, отын жағу үшін шынығып, дайындалу керек дейді. Ол 50 шаршы метрлік пәтерді қыс бойы жылы ұстап тұру үшін 3 тонна көмір кетеді деп отыр. Ал балалар ойнайтын аула көмір түсіретін орынға айналған.



«Солярка қымбат. Тоқпен үй жылымайды, тек көмірмен. Бірақ көмірді 5 қабатқа көтеріп шығару көмір қиындау. Мына көп қабатты үйде 40 пәтер бар, олардың әрқайсысында бір-бір газ баллоннан тұр», – деді  Панфилов ауылдық округінің тұрғыны Мұрат Бекмұратов.



Жұрт қыста қандай отын түрін жағатынын білмей дал. Мұндағы халық қалтаға қарай көсіледі. Тұрғындар бір-бірінің жылдағы кеткен шығынын есептеп, ішінен тиімдісін таңдайды екен. Басым көпшілігі көмір жақса, енді бірі газ баллонымен жылынады. Ал қалғаны солярка қолданады екен.



«Бәрі де газ баллонмен отыр. Әр үйде бір баллон кем дегенде. Газбен жағатындар да 5-6 баллоннан бар.Егер де олар жарылатын болса, бұл үйлерден ештеңе қалмайды. Құдай сақтасын, жарылмасын. Ондай жаманшылық болмасын», – деді Панфилов ауылдық округінің тұрғыны Болат Елікбаев.



Бұл мәселеден Панфилов ауылдық округінің әкімдігі хабардар. Мұндай жағдай осындағы көрші елдімекенде де бар. Сонда бас-аяғы 26 үй орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Жағдайды шешу үшін 4 жылу қазандығын салу ұсынылыпты. Оған шамамен 250 миллиондай қаражат керек. Әзірге сметалық құжаттама да дайын емес.


Өкініштісі, тұрғындар биыл да орталық жылу жүйесіне қосыла алмайды. Сондықтан қыстың қамына ертерек кіріскендері дұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04