Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант...

30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант Францияда тегін білім ала алады

Білім және ғылым 23.06.2021, 14:54 2,660
30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант Францияда тегін білім ала алады
Сурет: Report.az.

30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша францияда тегін білім ала алады


 «Абай-Верн» ұтқырлық білім беру бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Бағдарлама бойынша 30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант Францияда тегін білім ала алады. Ұтқырлық бағдарламасы коронавирустық пандемияға байланысты мораторий енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң қайта жүзеге асырыла бастады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс Франко-қазақстандық стипендия туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтындағы хабарға сілтеме жасап.


2021-2022 оқу жылында екінші курстың 30 магистранты және Қазақстан мен Франциядағы ғылыми жетекшілермен бірлесіп диссертация дайындайтын 5 докторант «Абай-Верн» стипендиясының иегері атана алады.



 «Абай-Верн» стипендиясы магистранттар мен докторанттарға француз және ағылшын тілдерінде Франция университеттерінде оқу үшін беріледі. Үміткерлердің француз жоғары оқу орнына немесе ғылыми-зерттеу орталығына магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғандығы туралы растау хаты болуы тиіс», - деп атап өтті ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а. Эльмира Асан.



 


«Абай-Верн» стипендиясын жеңіп алған магистранттарға Ұлттық банк бағамы бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді. Сондай-ақ стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орын алуға артықшылықты құқықтарға ие болып, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркеле алады.


«Абай-Верн» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 4 шілдесіне дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеуді франко-қазақстандық тәуелсіз комиссия жүргізеді.


«Абай-Верн» - бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен стипендиялық бағдарламасы. Келісімге қол қойылған кезден бастап 158 қазақстандық магистрант пен докторант беделді «Абай-Верн» халықаралық стипендиясының иегері атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #проекты #Бюджет участия #Қазақстан #Франция #докторант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика