Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды с...

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Алматы Бүгін 18:27 35
3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында JAS GALA студенттік көктем фестивалі басталды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, оны Алматы студенттері альянсы ұйымдастырған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінде байқауға 26 жоғары оқу орнының студенттері қатысып жатыр. Қазіргі таңда 3 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Өтінім 10 сәуірге дейін қабылданады, ал қатысушылардың жалпы саны шамамен 3 500 адамға жетпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл іріктеу кезеңі жаңа форматта өтті. Байқауға қатысушыларды іріктеу студенттерге қолайлы болу үшін күз мезгілінде бір ай бойы күн сайын жүргізілген. Бұған дейін өтінімдерді бір жыл бұрын тапсыру қажет болатын, ал қабылдау үдерісі ұзаққа созылып, айына орта есеппен 100-150 өтінім ғана қаралатын. Сонымен қатар, бұл өзгеріс студенттердің оқу барысына кедергі келтірмеу мақсатында енгізілді. Өйткені бұрын кейбір жастар алдын ала өтінім бергенімен, келесі жылы оқуын аяқтап кетіп, фестивальге қатыса алмай қалатын. Ал бірінші курс студенттері керісінше уақытында өтінім бере алмай, іріктеуден тыс қалып жататын.

Биылғы фестивальдің тағы бір ерекшелігі — мобилография бағытының кеңеюі. Енді қатысушылар жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарын ұсына алады. Сондай-ақ фестиваль биыл айтулы мерейтойларға орайластырылып отыр. Атап айтқанда, ол Ермек Серкебаевтың 100 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналады.

2026 жылдан бастап байқауға тек жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Мұндай шешім өткен жылғы нәтижелерге, қатысушылардың дайындық деңгейіне, сондай-ақ қазылар алқасының ұсыныстары мен қоғамдық талқылауларға сүйене отырып қабылданған.

Жоба аясында жастардың шығармашылық және тұлғалық дамуына бағытталған қосымша іс-шаралар да жоспарланған. Олардың қатарында жеңімпаздар мен сала мамандарының қатысуымен өтетін шеберлік сабақтары, мотивациялық кездесулер және қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын ақпараттық қолдау бар.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мирас Нысаналиевтің айтуынша, жастар — кез келген мемлекеттің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі ресурс. Бүгінгі басты міндет — жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына және жан-жақты дамуына жағдай жасау. JAS GALA секілді жобалар жастар мен олардың табысты болашағы арасындағы маңызды көпірге айналып келеді.

Фестиваль бес бағытты қамтиды: вокал, хореография, мобилография, театр және аспапта ойнау. Байқау екі кезеңнен тұрады: жоғары оқу орындары ішіндегі іріктеу және қалалық кезең.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика